Жеңістің мініп тұлпарын

Автор: Оспанқызы Н., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Жеңістің мініп тұлпарын Болашақ – бүгінгі ұрпақтың қолында десек, бүгінгі ұрпақтың - саналы, білімді, алғыр, талапты болмауына еш себеп жоқ. Сондықтан да бүгінгі білім айдынында жүзіп жүрген оқушыларымыз да өз білімдерін, өз ізденістерін дәлелдеп, мектеп абыройын асқақтатып жатса, нұр үстіне нұр, еткен еңбегіңнің еш кетпегені деп білеміз.

Осындай білім сайысына № 45 орта мектептің 9-класс оқушылары Тоқтарбаев Данияр, Аленов Алмат, Михетова Диана, Рахимжан Жасминдер 2014 жылдың 19 желтоқсанында қалалық Жас туристер стансасының ұйымдастыруымен өткен, тәуелсіздік мерекесіне арналған "Гүлдене бер, Қазақстан!" байқауына қатысып , бақ сынап, 20 мектептің ішінде топ жарып, І орынды қанжығаға байлады.

Бұл байқауға өзім жетекшілік еткендіктен, оқушылармен біріге отырып, бізге "Мәскеу ауданының көшелеріне тақырыптық-экспедициялық зерттеу" тақырыбында берілген тапсырмаға орай экспедицияға шығып зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Тарихи - өлкетану мұражайына барып, ақпараттар іздестіріп, көшелерге, көшедегі басты нысаналарға, "Москва" атауының шығу тарихына, көшелердің атауларға ие болуы секілді өзекті мәселелерді қарастырдық. Ізденіс барысында оқушылар біраз тың мәліметтермен танысты. Нәтижесінде 2 бөлімнен тұратын байқауда оқушылар өз ізденісінің нәтижесін көрді. Байқаудың бірінші бөлімі "Өз өлкеңді танып ал" тақырыбында жекелеген тапсырмалардан тұрса, екінші бөлімі "Өз өлкесінің білгіштері" тақырыбында өтіп, оқушылар экспедициялық жобаларды қорғады. "Ақтөбе жастары" тобын 1-орындарымен құттықтай отырып, алдағы күндерде де биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

images images images

Tags: № 45 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда