EXPO-2017 аясындағы мұғалімдер байқауы

Автор: Қорғанбаева Н., № 31 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

EXPO-2017 аясындағы мұғалімдер байқауы 2014 жылдың желтоқсан айының 24-ші жұлдызында Ақтөбе қаласының білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының әдіскері Садықова Айгүл Сәңкібайқызының ұйымдастыруымен № 31 қазақ орта мектебінде «EXPO-2017» көрмесіне дайындық аясында жаратылыстану пәні мұғалімдерінің жаңа бағыттарға бейімділігін анықтау, тәжірибелерін жинақтап, тарату және оларға қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың жобалау – зерттеу қызметін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты қалалық байқау өткізілді. Байқауда «EXPO-2017» аясында дайындалған материалдарға айрықша мән берілді.

Байқау 3 кезеңде жүргізілді:

  1. Оқушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері туралы баннер көрсету;
  2. «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында макет дайындау;
  3. Сахналық көрініс. (Тәуелсіз еліміздің талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын білу және оны пайдалану арқылы сахналық көрініс көрсету).

Байқауға қала мектептерінің жаратылыстану пәні бойынша 10 мұғалім қатысып, жаңа бағыттарға бейімділігін, шығармашылық қабілеттерін, іс-тәжірибелерін және өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде № 33 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі М.Жолмағамбетов бас жүлдені, № 45 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ә. Абылайқызы І орынды иеленіп, облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

images images images

Tags: № 31 орта мектеп Садықова А.С. EXPO-2017

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда