Үздік география пәнінің мұғалімі – 2013

Автор: Садыкова А.С., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Үздік география пәнінің мұғалімі «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», себебі баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалғаны, әдет болса керек. Осыған байланысты, география пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тиімді жолын іздеуге, нәтижелі жұмыстардың үлгісін іріктеуге бағытталған «Үздік география пәнінің мұғалімі – 2013» қалалық байқауы 24-желтоқсанда өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын дарынды география пәнінің мұғалімдерін анықтай отырып, жаңашыл педагогикалық тәжірибелерін жинақтап, қорыту.

Байқаудың I кезеңі педагогика, психология, география саласынан теориялық білімге бағытталса, II кезеңде мұғалімдер өзін таныстыруды және «География пәні мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігі» тақырыбы бойынша панорамалық «Шығармашылық сабақ» көрсетті. ІІІ кезеңде «Мектептегі географиялық білім беру және оны шешу жолдары» тақырыбында ашық пікірталас өткізілді.

Байқаудың нәтижесі бойынша Бас жүлдені № 18 ОМ география пәні мұғалімі Абубакирова Л.Б., бірінші орынды – № 10 ЖББОМ Сұлтанғалиева А.Б. және № 50 ОМ Данишева Ж., екінші орынды – № 13 ОМ Балғазиева Д.К., № 12 ОМ Қалдыбаева Г.Қ., № 45 ОМ Бажанова Э., үшінші орынды – № 18 ОМ Кушкумбаева А., № 15 ОМ Имандосова Р.Ж., № 40 ОМ Әлимжанова Ж.А., № 24 ОМ Қамбарова А.Т. иеленді. Бас жүлде мен бірінші орынды иеленген жеңімпаздар облыс деңгейіндегі байқауға жолдама алды.

Үздік география пәнінің мұғалімі Үздік география пәнінің мұғалімі Үздік география пәнінің мұғалімі

Tags: география Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда