М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден

Автор: Дүйсенбаева А.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден 2014 жылдың 20-24 қаңтар аралығында Алматы қалалық оқушылар Сарайында «Ғұмырдария» орталығының ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты тақырыпта М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін оқудан VІ Республикалық ән-би байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: ақиық ақынның жыр-әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып, дарынды жастарды тәрбиелеу, ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейін көтеру, өлең оқудағы шеберліктерін шыңдап өнерін дамыту.

Осы байқауға республиканың Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы, Алматы облысы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Қазалы, Шығыс Қазақстан облыстарынан 145-тен астам оқушы қатысты. «Көркем сөз» номинациясы бойынша орта топ оқушылары арасынан Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының «Толағай» жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту мектебінен 2 білім алушы, «Балдырған» баланы ерте дамыту мектебінен 1 білім алушы қатысты. Атап айтсақ, Берегенов Аңсат, Айтени Бекнұр, Мәулітшәріп Әсем.

Әр қатысушы ақынның 2 өлеңінен оқыды. Ақиық ақыннның өлеңдерін оқуда білім алушыларымыз образға кіріп, мәнерлеп оқу, актерлық шеберліктерін көрсете білді. Білім алушыларымыз Берегенгов Аңсат «Бесік басында», «Поэзия» өлеңдерін, Айтени Бекнұр «Мен сені сағынғанда»,«Болады деп арманда», Мәулітшәріп Әсем «Үш бақытым», «Отан» атты ақынның өлеңдерін оқыды.

М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден Байқаудың қорытындысы бойынша біздің қатысушыларымыз төмендегідей нәтиже көрсетті:

  1. Айтени Бекнұр – І орын (орта топ);
  2. Берегенов Аңсат – ІІ орын (орта топ);
  3. Мәулітшәріп Әсем – ІІІ орын (кіші топ).

Байқау соңында қатысушылар дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» байқауға қатысушылардың жетекшілері Дүйсенбаева Айзада Арыстанбекқызы мен Жеткергенова Шынар Нахиқызы АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталды.

Ұйымдастырушылар конкурсанттарды Алматы қаласының көрнекті жерлерімен таныстырды, тарихи-өлкетану мұражайына, «Медео» сауық орталығына, Хайуанаттар бағына экскурсия жасатты. Қысқа уақыт ішінде қатысушылар бір-бірімен достасып, пікір алысты. Қатысушыларға конкурс өте ұнады.

Білім алушыларымыз алдағы уақытта сүйікті қаламыз Ақтөбеге Гран При жүлдесін алып келеміз деп сенім білдірді.

Tags: Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда