Оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру

Автор: Калмангарина А., № 39 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру Ұлттық білім беру жүйесінің талабы әлемдік деңгейге көшу екендігі басты мақсат болып отырған қазіргі уақытта оқушылардың қызметтік сауаттылығын дамыту қолға алынуда. Осы тұрғыда кіші жастағы балаларды өзекті мәселені туындататын тақырыптар мен жобаларға жол сілтейтін – ғылыми жетекші және бастауыш класс мұғалімі.

Ақтөбе қаласындағы әдістемелік қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру проблемалары мен болашағы» тақырыбындағы кезекті оқыту семинары № 39 орта мектеп пен Ақжар бастауыш мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Семинар барысында тыңдаушылар теориялық мәліметті практикамен ұштастырып, ротация стратегиясының нәтижесін топтаса отырып хабарлады. Қызықты да тартымды өткен әдістемелік шара барысында бастауыш класс мұғалімдеріне оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыруға, өзара тәжірибе алмасуға, оны таратуға бағытталған кеңестер берілді және ғылыми зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге арналған материалдар таратылды.

Tags: семинар бастауыш класс № 39 орта мектеп Ақжар бастауыш мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда