Teaching multilingual young learners

Автор: Темирханова Р.К., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Teaching multilingual young learners 2013-2014 оқу жылында 26-ақпанда Үш тілде оқытатын № 21 орта мектеп гимназиясында бастауыш кластың ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинар тақырыбы – «Teaching multilingual young learners». Мақсаты – бастауыш класс оқушыларын ерте жастан үш тілде оқытуға бейімдеу және оқушының бастапқы коммуникативті құзіреттілігін тындалым, сөйлесу, оқу және жазу секілді негізгі тілдік дағдыларын қалыптастыру.

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің жетекшісі Улукпанова Ж.М. “Polylinguism in teaching young learners” атты баяндама оқыды. Баяндамада ағылшын тілі пәнін бастауыш кластарда оқыту әдіс тәсілдерін ашып түсіндірді. Және де,мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бастауыш сыныпқа арналған “Five minute tests”, “Additional materials for young learners”, "Fly High" оқулығы кешенінде жасалған «Бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламасы», «Бастауыш сынып оқушыларына арналған үш тілді сөздік» атты оқу – әдістемелік құралдарын атап өтті.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жусупова Г.Ж. оқушылардың қызығушылығын оятуға арналған бірқатар қызықты жаттығуларды семинарға қатынасушылар көмегімен таныстырды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Баймагамбетова А.Ж. бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастырудың бес негізгі жағдайымен таныстырып, оқу дағдысын қалыптастыру және дамытуға арналған ойын элементтерін көрсетті.

Teaching multilingual young learners Ағылшын тілі пәні мұғалімі Улукпанова Ж.М. семинарға қатынасушыларына бастауыш класс оқушыларына грамматиканы ойын және өлең арқылы үйретуді таныстырды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Хасенова С.Н. сабақ барысында оқушыларды бағалаудың формативті және суммативті формаларына құрылған әдіс – тәсілдердің ерекшеліктерін атады.

Семинарға қатынасушыларды қалалық мұғалімдер қауымдастығы ұйымдастыруымен құрылған “Aktobe English Language Assossiation” желілік қауымдастыққа тіркеу жүргізілді.

Семинар ағылшын тілі мұғалімдері Орынбаева П.Е., Маханиязова А.Ж. ұйымдастырған 1-4 класс оқушыларының “Language Festival” атты шарамен қорытындыланды. Бұл шарада оқушылар өздерінің қазақ,орыс және ағылшын тілдері пәндерінде алған білімдерін шығармашылық тұрғыдан көрсетті. Қатынасушыларға семинарда таныстырылған оқу – әдістемелік құралдардың, көрнекіліктердің электронды кешені диск түрінде таратылды. Семинар соңында семинарға қатынасушы мұғалімдер өз алғыстарын білдірді.

Tags: семинар Темирханова Р.К. № 21 орта мектеп-гимназия иностранный язык

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда