Қалалық танымдық апталық

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 2014 жылдың 3-5 наурыз аралығында бастауыш класс оқушыларының шығармашылық белсенділігін, зерттеуге деген ұмтылысын дамыту мақсатында, дәстүрлі 2-4 кластар арасында қалалық танымдық апталығы өткен болатын.

Қалалық танымдық апталық Қалалық танымдық апталық Қалалық танымдық апталық

Жүрегі айтар ойын ұғып жатыр, Қаншасы талай сыңнан ығып жатыр. Шығарма – жай ғана тек жазу емес, Шығарма қыл қаламнан шығып жатыр – дегендей, 2-класс «Үздік сурет», 3-класс «Үздік шығарма», 4-класс «Үздік жоба» бөлімдері бойынша жұмыстары қамтылған еді. Апталық 3 кезеңнен тұрды. І мектепішілік кезеңнен өткен оқушылар өз жұмыстарымен ІІ кезеңге жолдама алды. ІІ кезең сырттай түрде өтіліп, ІІ кезеңнен іріктелген жоғары деңгейлі жұмыстар сараланды. Апталықтың ІІІ кезеңінде ең үздік жұмыстар қорғалып, марапатталған болатын.

Әділқазы мүшелері жұмыстардың нәтижелі жетістіктерін көпшілік қауымға сипаттап жеткізді. Сын түзелмей, мін түзелмес дегендей, көп жұмыстардың келесіде қайталанбас кемшіліктерін де атап өтті. Апталық жоғары деңгейде өтіп, қатысқан оқушылар мен жетекшілерінің көңілдерінен шықты.

Сөз бен сөзді реттейтін тоқушы бар, Ілім нәрін теретін шоқушы бар. Зерделейтін, зерттейтін, мақтанатын, Арамызда нағыз өр оқушы бар,олар: «Үздік шығарма» жұмысы бойынша - Перетятько Наталья (Пригород ОМ- бас жүлде), Керей Асылхан (№ 23 ОМЛ-бас жүлде), «Үздік сурет» жұмысы - Тұрғанбаев Қайсар (№ 43 НМБ-бас жүлде), Мошкова Вероника (№ 26 ОМ), «Үздік жоба» жұмысы - Өксікбаева Айдана (№ 48 ОМ), Асадулина Ульяна (№ 11 ОМГ). Біз осындай Ақтөбе қаласының мектеп оқушыларымен шын мәнінде қуанып та, мейірленіп те мақтана аламыз. Осындай оқушыларымыз бен оларға тәлімі мол жол көрсетер ұстаздарымыздың бар екеніне көзіміз жетіп отырғанын нық басып айта аламыз. Дарынды да талантты оқушыларымыз әрқашан биіктерден көрініп, мерейімізді асқақтата берсе екен дейміз...

Сайыстың қорытындысында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мерекелік сипатта өткен шараға оқушылар мен ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

Tags: Нургалиева Ж.Д. бастауыш класс

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда