Домбыра үйретудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері

Автор: Сарбаева С.Н., МКҚК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Домбыра үйретудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінде» 2014 жылдың 13 наурызында «Домбыра үйретудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері» атты үйірме жетекшілеріне арналған қалалық семинар өтті. Бұл семинарға жалпы білім беретін мектептердің үйірме жетекшілері шақырылды. Аталған семинарға №№ 1, 11, 21, 45, Ақтөбе, Георгиев, Сазды және Пригород орта мектептерінің жетекшілері қатысты.

Семинардың ерекшелігі – балаға домбырада күйлерді, шығармаларды ойнауды тез үйретудің жеңіл әдісі санмен үйрету болып табылады. Осы әдісті БЖШҮ қосымша білім беру педагогы А.Ж. Ержанова өз бағдарламасы бойынша семинар қатысушыларына ұсынды. Семинар соңында қатысушыларға семинар бағдарламасы, материалдарымен CD диск таратылды.

Семинар қатысушыларының ұсынысымен балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің әкімшілігі 2014-2015 оқу жылында қалалық ғылыми-әдістемелік Орталыққа осы тақырыпта шебер-класс өткізу туралы ұсыныс жасауды көздеп отыр.

Tags: Қосымша білім Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда