Қазақстан – бірлік пен достық мекені

Автор: Ермухамбетова А., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Ақтөбе қаласының № 45 орта мектебінде 1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті. Қазақ елін мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Қазақстан-бірлік пен достық мекені» тақырыбында салттанатты шеру ұйымдастырылды. Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскелеген, өздігінен ешкімге тиіспеген, тарих көшінің белгілі бір кезеңдерінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттық құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.  Өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға барлық класс әрбір ұлттың киімін киіп, мереке сәнін келтірді.

Бірлігі күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті Бірлігі күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті Бірлігі күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті

Еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін сөз алған мектеп директоры А.А.Тажимишев: «Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы»-екенін айтып Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Шеру соңы әр ұлт өкілдерінің ән, биіне ұласты. Мерекелік шараны елді мекеннің тұрғындары да көріп, қызықтады.

Tags: Тажимишев А.А. № 45 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда