2014 жылға арналған оқу-дала жиынының алғашқы күні ашылды

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Ел ертеңі жастардың қолында (Н.Ә. Назарбаев)

2014 жылға арналған оқу-дала жиынының алғашқы күні ашылдыАқтөбе қаласының білім бөлімі мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 10-класс оқушыларымен оқу-далалық жиыны құрылған жоспар бойынша 2014 жылдың мамыр айының 13-16 күндері аралығында 628 оқушыға арналып, 17-20 күндері аралығында 487 оқушыға арналып, «Достық» әскери-патриоттық сауықтандыру лагерінде өткізілу басталды. Және де медициналық-даярлық сабақтары қала бойынша 1526 қыз балалар мен денсаулығына байланысты оқу-далалық жиынынан босатылған 123 ер балаларға ұйымдастырылды.

Оқу-далалық жиынының алғашқы ашылу сәтінен бастап, әскери-спорттық лагерінің бастығы міндеті жүктелген Қалалық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері капитан Серік Аманжолұлы Сраж басшылық жасап, әскери жетекшілер құрамынан батальон, рота, взвод командирлері өз жұмыстарын жасады. Алғашқы құттықтау сөз Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары Бекболатов Асылхан Сағынтайұлына беріліп, оқушыларға сәттілік жолдады.

Салтанатты ашылу шеруі патриоттық-мерекелік күйде өткізілуіне Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен № 24 лингвистикалық-мектеп гимназиясы белсенділікпен атсалысты.

Оқу-далалық жиыны кезінде оқушыларды екі мезгіл тамақтандыру, салтанатты шеру сапы, тәжірибелік сабақтарынан өткізу, атыс даярлығына сәйкес Калашников автоматынан атыс жүргізу ұйымдастырылды.

Оқушылардың оқу-дала жиынынан өтуіне мектеп директорлары мен ата-аналары асқан жауапкершілік жасай білгендіктері таңғы жиын кезінде байқалды.

images images images

Tags: Нургалиева Ж.Д. АӘД Сраж С.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда