Мереке күні іргетасы қаланған субұрқақ

Автор: Сундетов К., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Мереке күні іргетасы қаланған субұрқақ 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні Ақтөбе қаласының «Ақжар-2» тұрғындар алабындағы № 45 орта мектептің ауласында субұрқақтың (фонтан) іргетасы қаланды. Мұндай игі бастаманың осындай мерекелі күнге түспа түс келуі жақсылықтың нышаны деуге болады. Субұрқақ құрылысын бастаудың басты мақсаты – № 45 орта мектепте бой көтеретін кіші саябақтың сәнін келтіру және оқушылардың жазғы демалысына ерекше әсер беру.

Субұрқақ құрылысының демеушілері әрі қолдаушылары ата-аналар және ата-аналар комитеті болса, іске асырушылары мектеп әкімшілігі мен мектептің жігіттер қауымдастығы. Осы орайда біз аталған мектептің технология пәні мұғалімі Нысанов Нұрболатпен сұхбаттасып, пікірін тындадық:

№ 45 орта мектеп әзірге «Ақжар-2» тұрғындар алабындағы әлеуметтік-мәдени маңызы бар жалғыз мекеме десе болады. Сондықтан да болар, осындағы үлкендер мен кішілер мектеп ауласының аумағына серуендеуге және белсенді тынығуға жиі келеді. Мен, осы мектептің мұғалімі және ата-анасы ретінде өз оқушыларым мен балаларымның бос уақыттарын әсем саябақта өткізгенін қалаймын. Соған байланысты бұл игі бастамаға білегімді сыбанып, белсенді ат салысудамын. Бұйырса, 1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесіне субұрқақты іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Сұхбатымызға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасымов Жандос та өз пікірін қосып, ой бөлісті:

Біз мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымдастығы болып мектеп ауласын абаттандырып және когалдандырып келеміз. Қазіргі таңда 65 түп терек, 35 түп қарағай ағаштарын, 100-ден астам таңқұрай бұталарын мектеп ауласына отырғыздық. Жақын арада мектеп ауласында 1000-нан астам гүл шоқтары егіледі және оқушылардың жазғы еңбек іс-тәжірибе үлескісінде көкөністер мен жеміс-жидектер де бой көтеретін болады.

Сұхбат барысында № 45 орта мектеп басшылығы алдағы уақытта мектептің аумағын кішігірім саябақ пен оқушылардың іс-тәжірибелік үлескі аумағына айналдыру және спорттық белсенді тынығу аймағы ретінде көркейту жоспарлап отырғандығы мәлім болды. Бастамаларыңыз сәтті болсын.

images images images

Tags: Тажимишев А.А. № 45 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда