Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту

Автор: Муратова Г.Е., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңғыртуБүгін, 2014 жылдың 19 ақапанында, № 31 қазақ орта мектебінде, мектепке дейінгі білім қызметкерлеріне «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту: ізденіс пен мәселелер» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға барлық мектепке дейінгі білім қызметкерлері, қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері, сонымен қатар Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің педагогика ғылымдарының докторлары, аға оқытушылары, оқытушы-практиктер қатысты.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру

Автор: Калмангарина А., № 39 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру Ұлттық білім беру жүйесінің талабы әлемдік деңгейге көшу екендігі басты мақсат болып отырған қазіргі уақытта оқушылардың қызметтік сауаттылығын дамыту қолға алынуда. Осы тұрғыда кіші жастағы балаларды өзекті мәселені туындататын тақырыптар мен жобаларға жол сілтейтін – ғылыми жетекші және бастауыш класс мұғалімі.

Ақтөбе қаласындағы әдістемелік қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру проблемалары мен болашағы» тақырыбындағы кезекті оқыту семинары № 39 орта мектеп пен Ақжар бастауыш мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Семинар барысында тыңдаушылар теориялық мәліметті практикамен ұштастырып, ротация стратегиясының нәтижесін топтаса отырып хабарлады. Қызықты да тартымды өткен әдістемелік шара барысында бастауыш класс мұғалімдеріне оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыруға, өзара тәжірибе алмасуға, оны таратуға бағытталған кеңестер берілді және ғылыми зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге арналған материалдар таратылды.

М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден

Автор: Дүйсенбаева А.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден 2014 жылдың 20-24 қаңтар аралығында Алматы қалалық оқушылар Сарайында «Ғұмырдария» орталығының ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты тақырыпта М. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін оқудан VІ Республикалық ән-би байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: ақиық ақынның жыр-әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып, дарынды жастарды тәрбиелеу, ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейін көтеру, өлең оқудағы шеберліктерін шыңдап өнерін дамыту.

Үздік география пәнінің мұғалімі – 2013

Автор: Садыкова А.С., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Үздік география пәнінің мұғалімі «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», себебі баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалғаны, әдет болса керек. Осыған байланысты, география пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың тиімді жолын іздеуге, нәтижелі жұмыстардың үлгісін іріктеуге бағытталған «Үздік география пәнінің мұғалімі – 2013» қалалық байқауы 24-желтоқсанда өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын дарынды география пәнінің мұғалімдерін анықтай отырып, жаңашыл педагогикалық тәжірибелерін жинақтап, қорыту.

Туристік-өлкетану жұмысын білім процесінде ұйымдастыру

Автор: МҚКК «Қалалық жас туристер стансасы». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

images «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу, алдымен өзің туған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деп елбасы Н. Назарбаев айтқандай жалпы білім беретін мектептерде өлкетану жұмысын жандандыру мақсатында 2014 жылдың 24 қаңтарында Қалалық жас туристер стансасында директор Ж. Т. Жанайдаровтың басшылығымен «Туристік-өлкетану жұмысын білім процесінде ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинар қала мектептерінің туристік-өлкетану жұмыстарының сапасын және деңгейін арттыру, мектептегі өлкетану жұмысына жауаптылардың әдістемелік деңгейін көтеру, қаламыздың білім беретін мекемелерімен туристер стансасы арасындағы байланысты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда