Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Автор: Кенжатова А., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу2015 жылы 9 желтоқсан сағат 10:00 де Тәуелсіздік күніне арналған қала мектептері арасында ең алғаш рет өлкетану олимпиадасы өтілді. Олимпиаданың мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және тарихи әлемдік көзқарасын дамыту. Туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру болып табылады.

Өлкетану олимпиадасына 8–10 класс аралығынан 24 мектептерден 72 оқушы қатысты.

Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуОлимпиаданың бағдарламасы:
- «Өз өлкесінің білгіштері» (Ақтөбе облысы және қаласының тарихы, мәдениеті, экологиясы, танымал тұлғалары бойынша тест жұмыстары)
- Зияткерлік лабиринт кезеңі (Ақтөбе аудандарына сипаттама беру және картамен жұмыс).

Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуБірінші кезеңнің тест жұмыстарынан 31 оқушы өтіп, екінші кезендегі аудандар бойынша тапсырмаларын орындады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
І орын – Нағашыбаева Айгүл 31 ОМ;
ІІ орын – Ұзақбаев Арыстан № 51 ОМ және Бақтиярова Диляра № 50 ОМ;
ІІІ орын – Кадирбекова Ислам № 20 ОМ, Алматов Жаслан № 2 ОМ және Тлекова Мадина № 33 ОМ.

Сонымен қатар олимпиадаға қатысқан қатысушыларға қалалық жас туристер стансасының атынан сертификат табыс етілді.

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы Тәуелсіздік күні

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда