Соғысқан жандардың көзімен

Автор: Бердешова Ұ.С., Ботай Ж.Н., МҚКК «Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Соғысқан жандардың көзімен2015 жылдың 29-ы сәуір күні «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай «Соғысқан жандардың көзімен» атты ардагерлермен кездесу кеші өтті. Бұл кездесу кешінің мақсаты: оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Кеш қонақтары Ұлы Отан соғысы ардагерлері, оның ішінде облыстық «Жауынгер аналары» комитетінің төрайымы Титова Валентина Ивановна және тыл ардагері Майманова Ұлболсын, қатысушылар «БЖШО» педагогтары және білім алушылары. Кеш басында білім алушыларды Ұлы отан соғысында елі үшін жанын қиған, аянбай ерлік көрсеткен ата-әжелеріміздің ерліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, таныстырылды. Орталығымыздың білім алушылары мен педагогтарының шағын концерттік бағдарламаларын тамашалап, кеш қонақтарына білім алушылар сұрақтар қойып, ардагерлерімізден біраз мағлұматтар тыңдады.

Кеш қонағы Титова Валентина Ивановна өзімен ала келген диск арқылы соғыс кезіндегі балалардың өміріне шолу жасады, суреттерді көрсете отырып қанды майдан уақытында балалардың қалай өмір сүргендіктері, қиын қыстау кезеңді қалай бастарынан кешіргендіктері, балаларға соғыс кезіндегі бір күнде берілетін нанның мөлшерін көрсете отырып әңгімелеп берді.

Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында

Кеш соңында арнайы дайындалған «Соғысқан жандардың көзімен» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ардагерлерімізге Орталығымыздың әкімшілігі және кәсіподақ комитеті атынан сыйлықтар табыс етілді. Кеш қонақтары өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп тарасты. Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының бұл ардагерлермен бірінші кездесуі емес еді. Бұған дейін де Ұлы Отан соғысы ардагерлері үйіне барып 9 мамыр мерекесімен құттықтап, сұхбаттасып әкімшілік атынан сыйақы және сыйлық табыс етілген болатын.

Кештің өткізілуіне жауапты ұйымдастырушылар: «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» музыка студиясының меңгерушісі Бердешова Ұлдай Сәменовна және психологі Ботай Жұлдыз Нұрбергеновна.

Tags: Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда