Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Автор: Копжасаров Б.У., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз 2015 жылғы 15 желтоқсанда Ақтөбе қаласының Қалалық көркемсурет лицейінде Ақтөбе облысының әділет Департаментімен бірлескен Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі Күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты салтанатты шара өткізілді.

Мереке қарсаңында қалалық балалар суретінің «Менің туған өлкем – Қазақстан» атты байқауының қорытындылары шығарылды.

Қалалық балалар суретінің «Менің туған өлкем – Қазақстан» атты байқауы 2015 жылғы 8 қарашадан 15 желтоқсанға дейін Ақтөбе қаласы қосымша білім беру ұйымдарының көркем бөлімдері оқушыларының арасында өткізілді және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне арналды.

Байқауға 102 жұмыс қатысты: кіші жас категориясы — 11–12 жас – 50 жұмыс, орта жас категориясы — 13–15 жас – 39 жұмыс, жоғары жас категориясы — 16–18 жас – 11 жұмыс.

Жұмыстар келесі оқу орындарынан қабылданды: Қалалық көркемсурет лицейінен, балалар және жасөспірімдердің шығармашылық Үйінен, Қалалық оқушылар Сарайынан, Қалалық жас туристер стансасынан, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының орталығынан, есту қабілеті бұзылған балалар үшін Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат-колледжінен, «Ақ желкен» аула клубынан, № 21, 22, 23, 31, 40, 53 орта мектептрінен, Ясное ауылындағы Ақтөбе орта мектебінен.

Жүлдегерлерді Ақтөбе облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Убишев Т.Ж., қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрғалиева Ж.Д. 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды, барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттарды директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары Клявина И.М., Малышева Е.Н. табыстады. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған оқушылардың жұмыстарын қарап, орындалу ерекшелігін, шығармашылық көзқарас пен тақырыптың ашылуын ескерумен қорытындылар жасалды. Сонымен бірге қалалық, облыстық және республикалық деңгейлерде әртүрлі шараларға қатысқан Қалалық көркемсурет лицейінің оқушыларына Алғыс хаттармен көркемсурет лицейінің директоры Альтина А.И. марапаттады. Мереке Қалалық көркемсурет лицейі оқушыларының Тәуелсіздік Күні мерекесіне арналған концерттік нөмірлерімен өткізілді.

Tags: Копжасаров Б.У. Қосымша білім Тәуелсіздік күні Қалалық көркемсурет лицейі Альтина А.А. Нұрғалиева Ж.Д.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда