Ұлы мұра — Великое наследие

Автор: Жоламанова Ж.А., МКҚК «Қазанғап атындағы өнер мектебі». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Международный проект «Ұлы мұра»Алғаш рет Ресей Федерациясы Астрахань облысында «Ұлы мұра» Халықаралық жобасы аясында шебер класстар өткізілді. Жоба ұйымдастырушылары «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы, Ақтөбе қаласының білім бөлімі және Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі. «Ұлы мұра» жобасы Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналып, жыл сайын Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің деңгейінде өткізіледі.

Халықаралық «Ұлы мұра» жобасының мақсаты алыс және жақын шетелдерде тұратын қазақ диаспора өкілдерімен мәдени байланысты нығайту мен кеңейту, жан-жақты дамыту; қиыр шетте тұратын қазақтардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау; шетелдегі қазақ диаспораларының шоғырлануына жәрдемдесу.

Халықаралық жоба аясындағы келесідегідей іс-шаралар өткізілді:
- 2011 жылы – І Халықаралық «Ұлы мұра» өнер байқау-фестивалі;
- 2012 жылы – Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық пен өзара көмек Келісім-шартының 20 жылдығына арналған Халықаралық шебер-кластар. Сонымен қатар Орынбор облысының «Единая Россия» партиясы мен Ақтөбе қаласының «Нұр Отан» партиясы филиалдары арасында Келісім шартқа (Меморандум) қол қойылды;
- 2013 жылы – ІІ Халықаралық «Ұлы мұра» өнер байқау-фестивалі өтті. Байқауға Қытай, Ресей, Қырғызстан, Монғолия, Ұлыбритания, Украина, Түркия, Германия, Франция сынды елдерден қазақ диаспора өкілдері қатысты;
- 2014 жылы – «Түркі халықтарының мәдени мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және күйші-композитор Қазанғаптың 160 жылдығына арналған «Ақжелең» Халықаралық байқауы өтті. Халықаралық форумға Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Башқұрт, Тува және Қазақстанның жетекші түркі ғалымдары қатысты.

2015 жыл Астрахань облысында өткен Халықаралық шебер-кластармен ерекшеленді. Қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан қолданбалы сәндік өнерінен келесідей шебер кластар өткізілді: «Тері және былғары бұйымдарын көркемдік өңдеу. Теріден жасалған көркемдік бұйымдар» тақырыбындағы шебер класын өнертану ғылымының кандидаты Жақыбаев Нұрлан Сәулебайұлы өткізсе, «Жүнді көркемдік өңдеудің технологиясы. Құрғақ және сулы иіру» атты шебер-класын өнертану ғылымының кандидаты Джакибаева Гүлшара Жөлекешқызы өткізді. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық биінен де шебер кластар берілді. «Қазақ биін оқытудағы әдіс-тәсілдері» атты шебер-класымен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің хореография класының оқытушысы, «Шаттық» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Имангазина Әсел Алматайқызы бөлісті. Әрбір шебер кластың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

29 қазан күні Халықаралық жоба аясында Астрахань облысының Құрманғазы атындағы мәдени аймақтық орталығында Ресей Федерациясының «Единая Россия» партиясының Астрахань облысындағы филиалы мен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының арасында Келісім-шартқа салтанатты қол қою рәсімі өтті.

Келісім-шартқа қол қояр алдында екіжақтың жетекші партия өкілдерімен Қазақстан және Ресей арасындағы достықты нығайту мен дамыту жолындағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

Кездесу басында «Единая Россия» партиясының Астрахань облысындағы аймақтық бөлімінің фракция жетекшісі Александр Белов, ресейліктер үшін қазақстандық делегациямен кездесу үлкен құрмет екенін атап өтті. «Сіздерді Астрахань жерінде көргенімізге өте қуаныштымыз. Келісім шартқа қол қою бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың нығаюына тағы бір қадам болады. Біздің бауырлас елдер мен мемлекеттер арасындағы барлық қарым-қатынас түрлерінің мемлекетаралық және партияаралық байланыстың жоғары деңгейде болуына осындай шаралар көп септігін тигізеді деп санаймын. «Единая Россия» партиясы мен «Нұр Отан» партиясы арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз», - деді ол.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының өкілдері ресейліктерді жылы қабылдауларына алғыстарын білдірді. Келісім-шартқа қол қою сәтінен кейін Ақтөбе қаласының Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі мен Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталықтың шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті өткізілді. Келесі 2016 жылы орталықтың өкілдері Ақтөбе өңіріне іс-сапармен келуіне уәде берді.

Международный проект «Великое наследие»Впервые в Астраханской области в рамках Международного проекта «Ұлы мұра» были проведены мастер-классы, организаторами которого являются Актюбинский городской филиал партии «Нұр Отан», отдел образования города Актобе и детская школа искусств имени Казангапа. Проект «Ұлы мұра» был посвящен 20-летию Независимости Республики Казахстан и ежегодно проводится на базе детской школы искусств имени Казангапа.

Целью Международного проекта «Ұлы мұра» является всемерное развитие, расширение и укрепление культурных связей с представителями казахских диаспор стран ближнего и дальнего зарубежья; создание условий для удовлетворения культурных и духовных запросов казахов, проживающих за рубежом, а также содействие в консолидации зарубежной казахской диаспоры.

В рамках Международного проекта прошли следующие мероприятия:
- в 2011 году – І Международный конкурс – фестиваль искуств «Ұлы мұра»;
- в 2012 году – Международные мастер-классы, посвященные 20 летию Договора о дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи между Россией и Казахстаном, где также был заключен Меморандум между филиалами ВПП «Единая Россия» Оренбургской области и «Нұр Отан» города Актобе;
- в 2013 году – ІІ Международный конкурс – фестиваль искуств «Ұлы мұра», в котором принимали участие представители казахских диаспор из Китая, России, Кыргызстана, Монголии, Великобритании, Украины, Турции, Германии, Франции;
- в 2014 году – Международная научно-практическая конференция «Культурное наследие тюркских народов» и Международный конкурс «Ақжелен», посвященные 160-летию композитора-кюйши Казангапа. В международном форуме приняли участие ведущие ученые-тюркологи мира из Турции, Азербайджана, Татарстана, Башкирии, Тувы и Казахстана.

2015 год был представлен мастер-классами Астраханской области по казахскому прикладному творчеству на темы: «Художественная обработка кожи и меха. Художественные изделия из кожи» под руководством кандидата искусствоведения Жакыбаева Нурлана Саулебаевича, «Технологии художественной обработки шерсти. Мокрое и сухое валяние» с кандидатом искусствоведения Джакибаевой Гульшарой Жулекешовной, а также по казахскому народному танцу «Методика преподавания казахского танца. Этюды» - преподавателя ДШИ имени Казангапа, художественного руководителя хореографического ансамбля «Шаттык» Имангазиной Асель Алматаевны. По окончании мастер классов всем участникам были вручены сертификаты.

Также в рамках Международного проекта 29 октября 2015 года в Региональном центре имени Курмангазы Астраханской области Российской Федерации состоялась церемония заключения меморандума о сотрудничестве между филиалами партии «Нұр Отан» (Казахстан) и Всероссийской политической партией «Единая Россия» (Россия).

В ходе беседы, предшествовавшей заключению меморандума, были обсуждены вопросы реализации плана действий ведущих политических партий по углублению сотрудничества между Казахстаном и России.

Как отметил в начале встречи руководитель фракции Астраханского регионального отделения ВПП «Единая Россия» Александр Владимирович Белов, встреча с казахстанской делегацией - большая честь для россиян. «Мы рады видеть вас в Астрахани. Заключение меморандума станет еще одним шагом в укреплении казахстанско-российских отношений. Считаю, что межпартийные связи вносят существенный вклад в развитие и поддержание на самом высоком уровне межгосударственных и межпарламентских контактов, всех видов отношений между нашими братскими странами и народами. Мы высоко оцениваем сложившиеся между партиями «Единая Россия» и «Нур Отан» открытые и доверительные отношения, отражающие уровень и характер всеобъемлющего плодотворного российско-казахстанского взаимодействия», - сказал он.

В свою очередь, представители Актюбинского городского филиала партии «Нур Отан» поблагодарили россиян за теплый прием. После заключения меморандума состоялся концерт творческих коллективов детской школы искусств имени Казангапа г.Актобе и Регионального культурного центра имени Курмангазы, представители которого обещали сделать ответный визит в Актобе уже в 2016 году.

Tags: Қосымша білім Қазанғап атындағы өнер мектебі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда