Балаларға жүрегімізді ұсынамыз

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Өзін-өзі тану№ 39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша ата-аналармен жұмыс жөніндегі қалалық семинарын ағымдағы 2015 жылдың 25 қарашасында өткізді.

Мақсаты – отбасында рухани-адамгершілік тәрбие беруде педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде балабақша қызметіне ата-аналардың қатысуы, ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастық.

Семинарға қалалық білім бөлімінің мамандары, МДҰ педагогтары, ата-аналар және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша пилоттық мекеме педагогтары қатысты.

Музыка жетекшілері Акманбетова Г.М, Жакаева Д.Қ дайындаған «Сәлем, әлем! Здравствуй, мир! Hello World!» шаттық шеңберімен балалар қонақтарды қарсы алды. МДҰ меңгерушісі Уркимбаева А.Ж. семинарға қатысушыларға мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша жұмыс туралы тоқталды. «Ұлттық ойын – асыл қазына» тақырыбында ата-аналармен тәрбиеші Уксукбаева Ш.З. дөңгелек үстел (жалпыадамзаттық құндылық: ақиқат) өткізді. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Ата-аналар және тәрбиеленушілер қатысуымен «Әуенін табайық» шығармашылық шаттығын музыка жетекшісі Акманбетова Г.М. ұйымдастырып, жұмысын көрсетті.

Өзін-өзі тану«Біздің құқығымыз — біздің міндетіміз» тақырыбында (жалпыадамзаттық құндылық: дұрыс әрекет) ата-аналармен интеллектуалды ойыны арқылы тәрбиешісі Ұзақбай Г.Б. қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірін көрсетті. Тәрбиешілер Утепова Г.К, Шарафан Л.Х, Райбекова Қ.А. ЭКОСӘН (жалпыадамзаттық құндылық: қиянат жасамау) киім үлгілерін ата-аналар мен балалардың қатысуымен ұсынды. Киім үлгілері сыйлық қағаздары, диска, пакет және т.б материалдардан жасалған. «Жылулық пен жақсылық Тек сен үшін, Отбасым» тренингін семинарға қатысушылармен (жалпыадамзаттық құндылық: ішкі тыныштық) психолог Омаралиева Г.С. өткізді. Ата-аналардың үштілде ертегі қойылымын сахналауы (жалпыадамзаттық құндылық: сүйіспеншілік). Қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері: Биржанова Д.С, Табышева Л.Т, Тайжанова Д.У. және тәрбиешілер Олешко Л.И, Чипегина В.А ұйымдастырумен қойылды.

Педагогикалық ұжым қолдарына майшам ұстап, жүрек формасымен «Әлем қандай тамаша» әнін үш тілде орындады. Ән арқылы өздерінің әлемге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін білдіріп, жүректен шыққан жылулықтарын әлемге таратты. МДҰ меңгерушісі Уркимбаева А.Ж. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы негізінде балабақша қызметіне ата-аналардың қатысуы» слайд презентациясы көрсетілді.Тәрбиешілер: Андреева Е.В, Бергалиева А.Қ семинардың барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша ата-аналармен жұмыстар, жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде өз пікір, ойларын ортаға салып бейне материалдар, мысалдармен келтіріп отырды.

Семинарға ата-аналар белсене қатысты. Нәтижесінде № 39 «Достық» МДҰ-ның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша педагогикалық ұжым және ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынастары айқындалды.

Tags: Шалабаева Г.У. балабақшалар «Достық»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда