Жұмыс жасау кезіндегі ізденімпаздығын дамыту жолдары

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Жұмыс жасау кезіндегі ізденімпаздығын дамыту жолдарыҚалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, 2015 жылдың 21 қазан күні, № 46 орта мектебінде «Бастауыш класс оқушыларының жұмыс жасау кезінде ізденімпаздығын (танымдық белсенділігін) дамыту жолдары» тақырыбында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге шағын топ бойынша 19 мектептің мұғалімдері қатысты.

Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. А.Байтұрсынов «Ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген еді. Міне, осыған орай мектеп директоры А.З.Сакауова бастаған ұстаздар деңгейлік курс бағдарла–маларын кеңінен қоланып, өздерінің іс–тәжірибелерінде қолданылатыны анық көрінді. Дөңгелек үстел бастауыш класс мұғалімдерінің коучингі түрінде ұйымдастырылды.

Онда төмендегідей сұрақтар талқыланды:

  • Танымдық белсенділік деген не?
  • Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған сабақ түрлері қандай?
  • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы әдістерді топтап беріңіз?
  • Сабақ барысында оқушылардың бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушыларда қандай қабілеттер дамиды?

Жұмыс жасау кезіндегі Жұмыс жасау кезіндегі Жұмыс жасау кезіндегі

Осы сұрақтар төңірегінде мұғалімдер өз ойларын дөңгелек үстелде талқыға салды. Сонымен қатар «Мінсіз мұғалім туралы аңыз», «Баспалдақ қадамдары» тақырыбында бейне роликтер көрсетілді. «Танысу», «Жалғастыр» атты тренингтер өткізілді. Мұғалімдерге шығармашылық ізденіске бағытталған «Ойлан. Ізден. Құрастыр» атты тапсырмалар беріліп,өз пікірлерін ортаға салды.Одан кейін панорамалық сабақтар көрсетілді. Дүниетану пәні бойынша Наурызбаева Светлана үй тапсырмасын тексеруде қолданылып жүрген өз әдіс–тәсілдерін көрсете отырып, тәжірибесін таратты.Математика пәнінен Аргинбаева Амансулу оқулықпен жұмыс жасау кезіндегі қолданылып жүрген әдіс – тәсілдерін ортаға салды.Критериалды бағалау жүйесін қолданды. Ал, әдебиеттік оқу пәні бойынша Барсаева Алмагуль мәтінмен жұмыс жасау кезіндегі өз тәжірибесінде қолданып жүрген бірнеше «Оқыта үйрену ойындарын» көрсетті.

«Формативтік бағалау – оқушылардың қызығушылығын көтеру жолдарының бірі» тақырыбындағы рефлексияда, қатысушылар ұжымға сәттілік тілеп, өздернің дөңгелек үстелден алған әсерлерін, ұсыныс– пікірлерін жазды.

Жұмыс жасау кезіндегі Жұмыс жасау кезіндегі Жұмыс жасау кезіндегі

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер № 46 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда