«Үздік бастауыш мұғалімі» PR-акциясы

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

«Үздік бастауыш мұғалімі» PR-акциясыАқтөбе қаласының білім бөлімі және Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының жоспары негізінде мұғалімдер мерекесі қарсаңында қала мектептерінің бастауыш класс мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш мұғалімі» PR-акциясы № 51 гимназия базасында өткізілді.

Мақсат – бастауыш буында білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан–жақты меңгерген, психология, педагогика ғылымдары жетістіктерін тәжірибеге енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдерді анықтау, қоғамдағы мұғалім мәртебесін көтеру.

Байқау қыркүйек айының 23-і күні өткізілді. Сайысқа қатысқан ұстаздар Ережеге сәйкес:

  1. «Ұстаздық еткен жалықпас...» өзін таныстыруы (5 минут);
  2. «Шәкірттер шеберлігі» шығармашылық көрме (1шығармашылық жұмыс ұсынылады);
  3. «Менің – ең үздік сабағым» педагогикалық шеберлік минуты (10 минут) – бөлімдері бойынша бақ сынасты.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау және ынталандыру мақсатында демеушілік көрсеткен: ЖШС «Стандарт – 2003»фирмасына алғыс білдіреміз.

Нәтижесінде байқауға қатысқан 28 бастауыш класс мұғалімдері арасынан 12 жеңімпаз анықталды. Олар І, ІІ, ІІІ орындарды және төрт номинацияны жеңіп алды. Үздік деп танылған № 13 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Мырзабекова Бақытнұр Қуанышқызы және № 5 орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Нечепурная Светлана Владимировна «Үздік бастауыш мұғалімі» PR–акциясының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Байқаудың жабылу салтанатында № 51 гимназияның оқушылары ұстаздарға арналған өнерден шашу шашты.

Аталған кәсіби сайыс бастауыш мұғалімдерінің шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық көзқарасты дамыту мақсатында болашаққа деген ынтасын арттырды.

images images images

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер № 51 гимназия

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда