Ғылыми-тәжірибелік конференция

Автор: Садықова А.С., Бакешова А.Н., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Ғылыми-тәжірибелік конференцияАқтөбе қалалық білім бөлімі, ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен қала мектептерінің жаратылыстану пәндері мұғалімдері арасында «Математикалық және жаратылыстану ғылыми пәндерін дамытуда функционалдық сауаттылық негіздерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қалыптастыру» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда жаратылыстану пәні мұғалімдерінің білімі мен біліктілігі, кәсіби шеберлігі, шығармашылдығы, жаңа технология мен оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеру деңгейлері, оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу және функционалдық сауаттылық білімдерді насихатталды. Сонымен қатар оқушылардың рухани жан дүниесі бай, жан – жақты жетіле дамыған жеке тұлға қалыптастыру басты мәселе болды.

Конференцияға облыстық Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік унивеситетінің ғылым кандидаттары мен доценттері С.И. Утарбаев, А.Е. Иманчиев, А.А. Агишева қатысып, ұсыныстар мен маңызды пікірлерін ортаға салды.

Қала мектептерінің математикалық және жаратылыстану пәні мұғалімдері тәжірибелерін интерактивті тақтаны пайдалану арқылы түсіндірді. Тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандар да № 33 ОМ М. Жолмағанбетов, № 8 ОМ А. Курашов, № 41 ОМ Н. Жанаева сабақ үлгілерінен үзінділер көрсетіп, іс–тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар жаңашылдықты қалыптастыруда білім мен ғылымның байланысы, жас ұрпақтың зерттеулік, ізденушілік дағдысын жетілдіру жөніндегі әдіс – тәсілдері жан – жақты талқыланды.

images images images

Tags: конференция Мектептер Бакешова А.Н. Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда