Батырлар есімі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Қалалық білім бөлімінің Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған 70 түрлі іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар жалғасын табуда. № 51 гимназиясында 2015 жылдың 3–сәуірі күні жалпы білім беретін мектептердің 1-класс оқушыларына арналған «Батырлар есімі» тақырыбында ребустар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай батырлар есімін насихаттау. Ұлы Отан соғысы батырларының есімдерін жаңғырта отырып, ерліктерін үлгі ету. Байқауға барлық жалпы білім беретін мектептерден бір-бір жұмыстан қатыстырылып, 40–тан аса жұмыс сынға түсті.Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде өз қолдарынан салған ребус, сөзжұмбақ сынды жұмыстары сынға түсіп, екінші кезеңде интеллектуалдық деңгейлері анықталып, қарсыласының құрастырған ребустарын шешті. Екі кезеңнің нәтижесі бойынша байқаудың жеңімпазы анықталды. № 28 ОМ, № 31 ОМ, Қызылжар орта мектептері алдыңғы қатардан көрінді.

images images images

Tags: Шалабаева Ж.Б. Мектептер № 51 гимназия

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда