«Үздік панорамалық сабақ»

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік пәні – қазіргі таңда оқушының өзін-өзі тануына, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін маңызы мен мәні бар пәндердің бірі. «Өзін-өзі тану » пәнінің мәртебесін көтеру аясында Ақтөбе қаласы № 24 лингвистикалық мектеп–гимназиясының базасында «Үздік панорамалық сабақ» атты «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған байқау өтті. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын «Өзін-өзі тану» пән мұғалімдеріне қолдау көрсету, пәннің берілу деңгейін және жаңашыл мектептегі мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген болатын.

images images images

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің «Өзін–өзі тану» пәні мұғалімдері қатысты. Байқау екі кезеңде өткізілді. І кезең – «Таныстыру», ІІ кезең – «Сабақтар шеруі».

Байқауға қатысушылар қызықты мультимедиалық презинтациялар көрсетіп, түрлі әндер орындап, қойылымдар қойылды. Байқау нәтижесінде, № 32 орта мектеп мұғалімі Қажыгарина Клара Жанұзаққызы өз жұмыстарын үздік орындап, алдыңғы орынды иеленіп, жақсы нәтиже көрсете білді. Алғаш рет өткізілген байқау жыл сайын жалғасын таппақ.

Tags: Шалабаева Ж.Б. Мектептер № 24 мектеп–гимназия

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда