Мен және менің сабағым

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

2015 жылдың 19-20 наурызы күндері Ақтөбе қаласы мектептерінің деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Мен және менің сабағым» атты бейнесабақтар байқауы өтті. Мақсат: Бейнесабақтарды формативті бағалау арқылы бірінші (ілгерлеуші), екінші (негізгі), үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің озық тәжірибелерін анықтау.

Қаладағы 69 мектептен барлығы 12 жұмыс жіберілген. Байқау ережесі бойынша қатысушылар өз бейнесабағында кәсіби қызметінде деңгейлік бағдарламасының модульдерін енгізгендігі және мазмұнына сай жаңартқандығын және бірінші (ілгерлеуші), екінші (негізгі), үшінші (базалық) деңгей бағдарламасының идеяларын жүзеге асырудағы түрлі стратегиялары мен құралдарын қолданғандығын көрсетті.

Нәтижесінде, І орынды № 33 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Г.Т. Жұмағалиева, ІІ орынды № 37орта мектеп Л.Н.Сагынаева мен № 39 орта мектеп мұғалімі А.Ж. Калмангарина, ІІІ орынды № 42 ОМ Смағұлқызы Көңілашар, № 34 ОМ Г.М. Сатыбалдина, № 53 ОМ А.Ө.Султанова және «Үздік формативті бағалаушы» номинациясы бойынша Ақшат БМ мұғалімі Қ.Ж. Үмбетова, «Үздік қысқа мерзімді жоспар» номинациясы бойынша № 42 ОМ Ж.Ө. Қошқарова иеленді.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда