Біз – бір елміз — Біз – бір отбасы

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО директорының орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

«Біз – бір елміз — Біз – бір отбасы»«Геолог» мәдениет Үйі «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Қалалық білім бөлімі» «Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ММ-ң қолдауымен наурыз айының 25 күні Қазақстан Республикасы халықтарының Ассамблея жылына орай отбасылар арасында «Біз – бір елміз! Біз – бір отбасы!» атты байқауы өткізілді.

Мақсаты: Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет – ғұрпын, дәстүр – тарихын, тілін қастерлеп, бүгінімізбен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру; Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Байқауға қатысушылар төмендегі кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

  • «Сәлем – сөздің патшасы» – таныстыру;
  • «Ата салты – асыл мұра» әр ұлт өз салт–дәстүрінен көрініс көрсету;
  • «Шаттықты шаңырақ» өз өнерлерін көрсету;
  • Викториналық сұрақтар;
  • «Отбасым жайған дастархан» үй тапсырмасы.

images images images

Сайысқа қатысушы отбасылар арасында өнерімен көпке үлгі болып жүрген алтын құрсақты 5 бала тәрбиелеп отырған аналарымыз да бар. Байқау шарттарын толық орындап, нәтижесінде жүлделі:

  • 1-орынды Медеуовтер (№ 50 ОМ) отбасы
  • 2-орынды Қарағозиндер (М.Арын атындағы ҚҚОМ), Горбатенко (Қызылжар ОМ) отбасылары өзара бөлісті
  • 3-орынды Мамытовтар (№ 53 ОМ) отбасы иеленді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

images images images

Tags: Нургалиева Ж.Д. Тәуелсіздік күні

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда