Жоспарланған нәтиженің жетістіктерін бағалау жүйесі

Автор: Кабиева А.К., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Жоспарланған нәтиженің жетістіктерін бағалау жүйесі2015 жылдың 11-наурызында қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сай № 16 орта мектеп базасында «Жоспарланған нәтиженің жетістіктерін бағалау жүйесі: негізгі тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Мақсаты: Білім сапасын арттыру үшін педагогтың кәсіптік құзіреттілігін және оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін критериалды бағалаудың технологиясын жетілдіріп, тәжірибеге енгізу.

Семинарға мектеп директорларының оқу және әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Алғы сөз ҚҒӘО бөлім бастығы А.К.Кабиеваға беріліп, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе жөнінде баяндады. Сонымен қатар № 16 орта мектеп директоры Ә.Т. Латып ұстаздарды көктем мерекесімен құттықтау сөз сөйледі. Мекеп директорының оқу және әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Э.Ш.Ожерельева мектеп өмірі мен семинардың өту барысын , мақсатын баяндап өтті.

Практикалық бөлімде инфарматика пәнінің мұғалімі З.Х.Оспанова, тарих пәнінің мұғалімі И.В. Томова коучинк ұйымдастырды. Мұнда білім берудегі критериалды бағалаудың қағидалары мен тәжірибесіне тоқталды, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Г.Д. Алимбаева және Т.Т.Нисанова сабақ кезіндегі оқушылардың бірін-бірі және өзін-өзі бағалаудың ұтымдылығы мақсатында баяндама оқып, коучинк жүргізді. Математика пәнінің мұғалімі С.А.Клименко сабақ барысында оқушылармен кері байланысқа түсу жолдарының жаңаша түрімен таныстырып өз тәжірибесінен үзінділер көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдері Т.И. Куйшибаева, Б.Ж.Нургалиева білім беруде критериалды бағалаудың ыңғайлы тәсілдерін таңдау туралы айтып, сабақ кезіндегі қолданылған әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Қортындылау кезеңінде семинарға қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Жоспарланған нәтиженің жетістіктерін бағалау жүйесі: негізгі тәсілдері мен Жоспарланған нәтиженің жетістіктерін бағалау жүйесі: негізгі тәсілдері мен Жоспарланған нәтиженің жетістіктерін бағалау жүйесі: негізгі тәсілдері мен

Tags: семинар Мектептер средняя школа № 16 Кабиева А.К.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда