Жеңіс шежіресі сөнбейді

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

ҚББ–нің Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған 70 түрлі іс-шаралар жоспарына сай, 2015 жылдың 3-5 наурызы аралығында жалпы білім беретін мектептердің 2-4 класс оқушыларына арналған «Жеңіс шежіресі сөнбейді» тақырыбында танымдық апталық өтті. Апталықтың мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін, зерттеуге деген ұмтылысын анықтай отырып жеңіс шежіресінің мәңгі сөнбейтінін ұғындыру. Байқау № 16 орта мектебінде өтті.

images images images

Байқауға 2 класс оқушылары «Бейбітшілік» тақырыбында үздік суреттерін, ал 3класс оқушылары «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыбы бойынша үздік шығармаларын тапсырса, 4 класс оқушылары Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты түрлі зерттеулер жүргізіп, жоба дайындады. Байқау жұмыстарын комиссия мүшелері сарапқа салды.

Ұсынылған жұмыстардың ішінде «Танк АН-40 70 жыл», «Қалампыр неліктен жеңіс гүлі деп аталады?», «Катюша әні қалай шықты?», «Жеңіс гүлін терген күн» сияқты үздік жұмыстардың иелері жобаларын дәлелдеп, қорғады. Байқауға қатыстырылған 300– ге жуық жұмыстардан көрме ұйымдастырылды. 5-наурыз күні байқаудың қорытындысы бойынша жұмыстары үздік деп танылған оқушылар марапатталды.

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс средняя школа № 16

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда