Кембридж әдіс-тәсілдері арқылы креативті ортасын құру

Автор: Темирханова Р.К., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Ағылшын тілі сабақтарында кембридж әдіс–тәсілдері арқылы креативті білім беру ортасын құру Педагогикалық шеберхананың 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен педагогикалық шеберхананың жетекшісі № 37 ОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – К.С.Кулдыбаева таныстырды. Сонымен қатар педагогикалық шеберхананың мүшелері – Л.Б. Кумекбаева – № 32 ОМГ ағылшын тілі мұғалімі, Л.М. Бисембаева – № 35 ОМ ағылшын тілі мұғалімі, Ж.А. Рахметтуллина, Г.М. Тулемисова – № 33ОМ ағылшын тілі мұғалімі, Р. Шаикова – № 43 ОМ ағылшын тілі мұғалімі, А. Картпагамбетова – № 50 ОМ ағылшын тілі мұғалімі және № 37 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері, Кембридж курсынан өткен І, ІІІ деңгей мұғалімдері қатысты. Топқа бөлу арқылы сергіту сәтімен басталып және «Дыбыстардың адам ағзасыны әсері» атты тренингті А.К. Уразбаева өткізді.

«Жаңа мұғалім моделі» атты жаңа технологияның әдіс-тәсілдері таныстырылымымен А.А. Абилова, «Блум таксономиясы» әдісімен коучинг-сессияны К.С. Кулдыбаева өткізді.

Қорытындылай келе, мұғалімдер оқыту мен оқу сапасын жақсартатын «Блум таксономиясы» әдісін сабақта қолдану арқылы креативті білім берудің тиімді құрал екенін түсінді және пікір алысу барысында айтып өтті. Кері байланыс бере отырып олар өздерінің бүгінгі таныстырылымнан алған әсерлерін «WhatsApp SMS жазу» әдісі бойынша іс-әрекеттеріне баға берді. Педагогикалық шеберхананың жұмысын № 32 ОМГ-да ағылшын тілі мұғалімі Л.Б. Кумекбаева жалғастырады.

images images images

Tags: Темирханова Р.К. иностранный язык № 37 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда