Ағылшын тілі сабағында ойын әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор: Темирханова Р.К., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Ағылшын тілі сабағында ойын әдіс-тәсілдерін қолдану 27 қараша 2015 ж .Ақтөбе орта мектебінде ағылшын тілі пәнінен ауыл мектептеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинарға 17 мұғалім қатысты. Семинар алдын-ала жоспарланып, қалалық білім бөлімімен бекітілді. Мақсаты – ағылшын тілі сабағында ойын әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.

3 ашық сабақ марафоны өтті. 6ә-класында «My ideal school» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Итешова Фариза Жаксылыковна. 5б-класында «Sport in our life » тақырыбында Габдыгалиева Гульнара Алдабергеновна,ал 3а-класында Бралиева Казина Серкеновна өткізді. Сабақтар Кэмбридж тәсілдерімен, атап айтсақ сабақта түрлі ойын әдіс–тәсілдері, топпен жұмыс, жұптық жұмыстар қолданылды.

Семинар коучинг-сессиямен жалғастырылды. Оны қалалық педагогикалық шеберлік орталығының тренері Фарида Жонысовна Избасарова өткізді, ағылшын тілі сабақтарында түрлі ойын әдіс-тәсілдерді практикалық тапсырма бойынша көрсетті.Келген барлық мұғалімдер белсене қатысты. Мектеп психологы Айсулу Сапаевна Усербаева мұғалімдерге «Музыка жүрекпен...» рефлексия өткізді. Рефлексия өте сәтті өтті, мұғалімдер сергіп, өздерінің семинар туралы ойларын айтып жеткізді.

Семинарды қалалық ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері Темирханова Р.К. қорытындылады. Семинар жоспарланып, өз деңгейінде өтті.

images images images

Tags: семинар Темирханова Р.К. иностранный язык Ақтөбе орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда