Ата-анам ардақтым, жеңіс алда жалғассын

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Қазақ халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидасын бала санасына енгізе алсаң, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз. Осы қағидаға байланысты ақпан айында № 21 «Кәусар бұлақ» мектепке дейінгі ұйымында «Мектепке дейінгі білім беру жағдайындағы педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы» атты қалалық семинар өтті. Сол қалалық семинарда мектеп алды даярлық топтар арасында «Ата-анам ардақтым, жеңіс алда жалғассын» атты жарысын Ахметова Рахиля Жуминовна дене шынықтыру жетекшісі өткізді.

images images images

«Шұғыла» және «Гүлдер» тобынан балалар аналарымен бірге қатысты. Қатысушылар «Доптар» және «Құрсаулар» командасына бөлініп, эстафеталық ойындармен жарысты. Эстафеталық сайыс бес ойыннан тұрды: «Таныстыру», «Шынжыр», «Мұзды үңгірден өту», «Кім тезірек киіндіреді», «Кім шапшаң».

Бірінші кезеңінде әр топ өз ұрандары мен эмблемаларын таныстырып өтті.

«Шынжыр» сайысында топ басшылары сайыскерлерді кезек-кезек қолдарымен ұстасып жүгірді. Ең қызықты сайыс «Мұзды үңгірден өту». Балалар мен аналардың көңіл – күйлері шаттыққа толы болды. «Кім тезірек киіндіру» сайысында аналар өз шапшаңдылықтарын көрсетті. Олар өз балаларының қысқы киімдерін киіндірді. «Кім шапшаң» ойынында ойыншық күрек арқылы «қарларды» жинады.

Осы ойындар арқылы аналар мен балалардың бойында денсаулыққа, спортқа деген құштарлығы арта түсті, көңіл – күйлері көтеріңкі болды. Отбасы мен балабақша арасындағы қарым қатынасы нығайып, балалардың дене қимылдары, шапшаңдылығы, ептілігі қалыптасты.

Tags: Шалабаева Г.У. семинар балабақшалар «Кәусар бұлақ» «Шұғыла» «Гүлдер»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда