Қыс ханшайымы – 2015

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Табиғаттың әрбір мауысымы ерекше болатыны сөзсіз. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көріністері. Барлығы қыстың суықтығы емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Қыс мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Ақпан айының алғашқы күндері міне, осындай қуанышты сәттерге толы.

images images images

Ақпан айының бірінші аптасында № 21 «Кәусар бұлақ» мектепке дейінгі гимназиясында «Қыс ханшайымы – 2015» байқауы музыка жетекшісі Ж.Я. Жуматованың дайындығымен өтті. Байқау ересек және мектепалды даярлау топтар арасында өткізілді. Қатысушыларды атап кетсек, олар «Сұңқар» тобынан Қуанышбай Жансая, «Тұлпар» тобынан Қалдыбай Жаннұр, «Шұғыладан» Жанұзақ Ұлпан, «Гүлдерден» - Самат Алуа және «Айгөлек» тобынан Қуантаева Айзада. Осы бес ару қыздар жиналған қонақтарға, балабақша қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өз өнерлерін көрсетті. Байқау бес сайыстан тұрды: «Менің ата-тегім», «Кім ойға жүйрік», «Шебер қолдар», «Өнерлі өрге жүзеді», «Әсем біздің арулар».

«Менің ата-тегім» кезеңінде әр қатысушы өздерін жеке өлең жолдарымен таныстырып өтті. «Кім ойға жүйрік» сайысында қыс тақырыбына байланысты жұмбақтар жасырылды. «Шебер қолдар» сайысын ерекше атап кетсе де болады. Қандай шебер біздің ата-аналар, қандай тәтті де, әдемі де ас әзірлеген! «Өнерлі өрге жүзеді» кезеңінде бірі Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлең жолдарын оқу шеберлігін көрсете білсе, бірі сахналандырылған «Аққала» биін көрсетіп, бірі «Үнді» және «Қуыршақ» биін орындады. Қонақтарға ерекше ұнағаны – «Әсем біздің арулар» сайысы. Бұл кезеңде ару қыздар бойларындағы бар өнерлерін, бар әсемдігін, сұлулығын көрермендер назарына ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Қалдыбай Жаннұрға берілді, ол «Қыс ханшайымы-2015» номинацияны жеңіп алды. Жанузақ Ұлпан «Талантты ханшайым», Қуанышбай Жансая «Өнерлі ханшайым», Самат Алуа «Сәндік ханшайым», Қуантаева Айзада «Инабатты ханшайым» деген номинацияларға ие болды. Байқауға қатысушылар арнайы мадақтамамен марапатталды. Осы бес ару қыздар қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары көрермендер жанына шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Tags: Шалабаева Г.У. балабақшалар «Кәусар бұлақ»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда