Педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы 11 ақпан айында 2015 жылда № 21«Кәусар бұлақ» мектепке дейінгі гимназиясында «Мектепке дейінгі білім беру жағдайындағы педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы» дөңгелек үстел өтті.

Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше есепеттелген. Балабақша, мектеп, ата-ана, тәрбиеші, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбиеші мен ата-ана арсындағы жағымды өзара қарым-қатынасты және ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты орнатудың кейбір әдістерін түсіндіру, көрсетіп таныстыру.

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ болғандықтан балабақша мен ата-ана, тәрбиеші арасында жағымды тығыз қарым-қатынас ынтымақтастық болуы қажет. Бүгін біздің балабақшамызда осындай ата-аналармен бірлесе отырып «Мектепке дейінгі білім беру жағдайындағы педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы» деп аталатын дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстел барысында балабақша тәрбиешілерінің тәжірибесінде ата-аналармен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары көрсетілді.

Атап айтсақ отбасылық жарыс, викториналар мен, пікірталастар ток шоу, психологиялық тренинг дискуссия өткізілді. Жалпы бұндай жұмыстар жыл басында тәрбиешілерге Ата-анамен жоспар түрінде беріліп сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ата-аналар семинарға дәстүрден тыс жүргізілетін шаралар мен жұмыстарға белсене қатысады. Осындай әр түрлі ата-анамен жұмыс түрлерінде өздерінің шешімін таппай жүрген сұрақтарына жауап ала алады сонымен қатар өздерінің педагогикалық білімдерін толықтырып, өздеріне керекті кеңестер мен мағұлматтар ала алады.

Осылайша балабақша деген, тәрбиеші педагогтарға деген жақсы ой пікір қалыптасады. Тәрбиеші Абилова Кенжегүл мен Бағыбергенова Шайым «Бір ғана қуанышым бар ол менің балаларым» деген Абай атамыздың сөзінен алынған тақырып бойынша пікірталас өткізді. Мұнда ата-аналар жалпы балабақша жұмысы жайында, тәрбиешілердің жұмыстары еңбектері жайында өз пікірлерін ашық айтты. Өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып жауап алды.

images images images

Сонымен қатар «Не қайда, қашан?» (ойын желісімен) викторинада ата-аналарға әр түрлі қызықты сұрақтар қойылды. Психологиялық та, логикалық та және ситуациялық сұрақтар қойылып қызықты жауаптар алынды.

Бұл виктарина арқылы ата-ана өздерінде кей жағдайда кесдесетін ситуациялардан қалай шығуға болатынын және де сондай жағдай болмас үшін не істеу керектігін жөнінде қызықты мағулматтар алды.

Және тағы ата-анамен жұмыс түрінің бірін Нажмадинова Жанар «Томпаңдаған бөбегім, ертеңіне сенемін» атты анасы мен баласы бірге қатысатын сайыс өткізіді. Мұнда аналар өздері туралы, балалары туралы айтып өтті, балаларымен бірге үйде қандай жұмыс жүргізетінін көрсетті.

Бұл сайыс арқылы тәрбиешілер әр баланың анасы жөнінде олардың үйде баласымен қалай жұмыс жасайтындығы яғни үйге берілген тапсырмалады қалай орындайтыны жөнінде тағы да басқа қосымша ақпараттар біледі. Сол арқылы баламен оның ата-анасымен қандай жұмыс жүргізуге керектігі айқындалады. Мұндай сайыстардың көмегі зор.

Tags: Шалабаева Г.У. балабақшалар «Кәусар бұлақ»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда