Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына Бүгін 2015 жылдың 17-наурызы күні Облыстық «Достық» үйінде қалалық қосымша білім беру педагогтары арасындағы «Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына!» атты фестивал-байқауының жабылуына қайырымдылық концерт өтті. Қайырымдылық концерт фашистерге қарсы соғыстағы Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналды. Бұл қайырымдылық концертті Қалалық білім бөлімі «Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық» пен «Қазанғап» атындағы балалар өнер мектебі ұйымдастырды.

Байқауды қорытындылай келе, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Л.А. Уразбаева, бұл байқау қосымша білім беру педагогтарының қызметіне қолдау көрсетумен қоса, педагогикалық тәжірибені тарату , әдістемелік ізденіс, инновациялық іс-әрекет, шығармашылық кәсіби шеберлікті қалыптастыру мен дамытуға үлкен көмек деп атап өтті.

Салтанатты мерекеде Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Л. Аманжолқызы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Ұлы жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтап, ақшалай сыйлықтар мен гүлдер табыстаса, қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынды.

Ардагерлерге арналған қайырымдылық концерттің бағдарламасына «Қазанғап» атындағы балалар өнер мектебі және қалалық оқушылар сарайы мен №1 музыка мектебі ұжымдары қатысты.

«Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына!» атты байқаудың бас жүлдесін қалалық техникалық шығармашылық орталығының педагогі Ю.А. Соловьев иеленсе, жүлделі І орынды балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының жас педагогі Т.Т. Бажабаев және «Қазанғап» атындағы балалар өнер мектеп педагогтері Л.В. Шомко мен С.В. Горюновалар иеленіп, дипломдар мен ақшалай сыйақылар табысталды.

Барлығы 15 қосымша білім беру педагогі марапатталды. Атаулы мерекеге Қалалық білім бөлімі «Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық» және қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы демеушілік етті.

По ступенькам творчества к вершинам мастерства

По ступенькам творчества к вершинам мастерства Сегодня, 2015 года 17 марта, на базе Областного Дома «Дружбы» прошло торжественное закрытие городского фестиваля-конкурса «По ступенькам творчества к вершинам мастерства» среди педагогов дополнительного образования, посвященного 70-летию Победы над фашизмом и в рамках которого прошел большой благотворительный концерт. Организаторами мероприятия выступили «Городской научно-методический центр» и детская школа искусств имени Казангапа.

Подводя итоги конкурса, руководитель отдела образования города Актобе Л. Уразбаева подчеркнула, что конкурс выполняет важную функцию выявления и поддержки талантливых педагогов дополнительного образования. Конкурс дает возможность обменяться интересным педагогическим опытом, стимулирует педагогов и развивает интерес к методическому поиску, инновационной деятельности, творчеству.

Завершая торжественное мероприятие, руководитель отдела образования г. Актобе Ляззат Уразбаева очень душевно поздравила ветеранов Великой Отечественной войны с предстоящим юбилеем Победы и вручила им денежные премии и цветы, а воспитанники организаций дополнительного образования – подарки, сделанные своими руками.

На базе Областного Дома «Дружбы» прошло торжественное закрытие городского фестиваля-конкурса «По ступенькам творчества к вершинам мастерства» В программе благотворительного концерта, на который были приглашены ветераны войны, приняли участие творческие коллективы детской школы искусств имени Казангапа, Дворца школьников и музыкальная школа № 1.

Гран-при удостоен педагог городского центра технического творчества Соловьев Ю.А.; Первые места заняли молодой педагог центра детского и юношеского творчества Бажабаев Т.Т. и преподаватели детской школы искусств имени Казангапа: Шомко Л.В. и Горюнова С.В.Победителям были вручены дипломы и денежные премии.

Всего наградили 15 педагогов дополнительного образования. Спонсорами данного мероприятия стали «Городской научно-методический центр» отдела образования и городской комитет профсоюза работников образования.

Tags: конкурс Нургалиева Ж.Д. Қосымша білім Уразбаева Л.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда