«Қарттарға – тағзым» қайырымдылық акциясы

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

«Қарттарға – тағзым» қайырымдылық акциясы Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында 2015 жылдың 16 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қарттарға – тағзым» атты қайырымдылық акциясы жарияланды. Осы уақыт аралығында үйірме, студиялардың білім алушыларымен осы тақырыпта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: тәрбие сағаттары, әңгіме-сұқбат, сауалнама т.б.

Акцияның қорытындысы болған 2 наурыз күнгі БЖШО-ның балалары мен педагогтар ұжымы арасындағы бірлесе отырып өткізілген облыстық қарттар және мүгедектер үйі-интернатындағы «Қарттарға – тағзым» атты қайырымдылық концертін болды. Концертте вокал үйірмесінің білім алушылары Әсем Нұрланова «Атамекен толғауын», Нұрай Кинеева «Ақ тілек», Ернұр Қайдауылов «Қазақтай ел қайда» әнін сүйсінте орындағанда, ең кішкентай қатысушы Ли Снежана «Светит солнышко», Дарина Бисенгалиева «Страусенок» әнін шырқағанда көрермендер бір серпіліп қалды.

Домбыра студиясының білім алушылары көптеген Республикалық, халықаралық конкурстар мен байқаулардың жеңімпаздары Кенжеғалиева Айжан мен Есекенова Айдана барлық қарттарға арнап Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқым» күйін күмбірлете төккенде көрермендер зор қошемет көрсетіп, тағы да күй тартуларын сұрады. Сұраныстарына Орталықтың педагогы Талғат Бажабаев Құрманғазының «Адай» күйін сыйлап, қарт аталар мен әжелерді бір қуантты.

Хореография студиясының білім алушылары «Қуанамын», «Әсем қоңыр», «Алтынай», «Феи краски» билерін мың бұрала билеп, көрермендерді бір серпілтіп тастады, кейбіреулері әнге қосылса, біреулері билеп, көңілдерін көтерді. Концерт соңында Орталықтың білім алушылары, педагогтары және «Знайка», «Балдырған» баланы ерте дамыту мектебінің, хореография студиясының ата-аналарының атынан интернаттың тұрғындарына жемістер: алма, банан, алмұрт, киви, апельсин, мандарин, лимон тарту етілді.

Балаларға және педагогтарға, осындай мереке сыйлаған ұжымға Қарттар және мүгедектер үйі-интернатының әкімшілігі ризашылығын білдіріп, БЖШО директоры А.З. Нигматуллинаның атына алғыс хат ұсынды.

images images images

Tags: Ауесханова Г.А. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда