Жеңіс шежіресі сөнбейді

Автор: Ибраева Ә.С., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Жеңіс шежіресі сөнбейді«Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылып өткізілген «Жеңіс шежіресі сөнбейді!» атты мәнерлеп оқу сайысы. «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығы мерейтойлары қарсаңына байланысты түрлі мерекелік белсенді жұмыстар, іс-шаралар өткізілуде. Осы мақсатпен жыл басында Орталықта мектеп оқушыларымен және студия, үйірме білім алушыларымен біріге өткізетін іс-шаралар жоспары құрылған болатын. Атап айтар болсақ, осы оқу жылында «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін анықтау мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында қалалық сайыс өтті.

Сонымен қоса 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Татулығы жарасқан отбасы» атты қалалық сайыс жоғары дайындықпен өткен болатын. Осы бірқатар жұмыстармен тоқталып қалмай, міне 31 наурыз күні Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының Хореография студиясы білім алушылары, Бейнелеу өнері студиясы білім алушылары, Музыка студиясы білім алушылары және «Мәнерлеп оқу», «Шығармашылық қиял дамыту», «Актерлік шеберлік» үйірмелерінің білім алушылары арасында Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жеңіс шежіресі сөнбесін!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Осы сайыс арқылы білім алушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алу мақсатында өтті.Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алдық.Білім алушылар сұрапыл соғыс елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жырлар оқыды.Сайысқа барлығы он сегіз (18) білім алушы белсене араласа қатысты. Білім алушылардың өлеңді мәнерлі оқуы және де киім үлгісі мен сахна мәдениетіне көңіл бөлініп бағаланды. Қазылар алқасының төрағасы ретінде Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының әдіскері Сейтимбетова Гүлзада Сәбитқызы шақырылды.

Қазылар алқасының мүшелері ретінде Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының әдіскері, «Актерлік шеберлік» үйірмесінің жетекшісі Ешниязова Улмекен Ахметжановна және де Орталығымыздың бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ауесханова Гүлнар Ауесхановна сайланды. Әділқазылар әділ бағасын бере білді.

images images images

Сайыстың өтілу барысы:

  1. Кіріспе
  2. «Жеңіс шежіресі сөнбесін!» (жеңіс туралы өлеңдер оқу)
  3. «Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)
  4. Слайд «День Победы»
  5. Қорытынды

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» дипломдары және алғыс хаттары табысталды. Сайыста «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің білім алушысы Дүйсенов Ермек және «Домбыра класының» білім алушысы Есекенова Айдана ерекше көзге түсіп, жүлделі I орынға орынға ие болып, МҚКК«БЖШО» дипломымен марапатталды. Орталық ішілік сайысқа БЖШО-ның барлық педагогтары мен білім алушылары белсене араласа қатысты.

Сонымен қоса сайыс аяқталысымен педагогтарды, қонақтарды, білім алушыларды «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып көресің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмені тамашалауға шақырылды. Ауыр да азапты жылдарды артта қалдыра, біздің еліміз бейбітшілікте өмір сүруде.Жеңіс туымыз көк аспанда желбірей берсін!

Tags: Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда