Арайлы Ақтөбе туған өлкем

Автор: Кубашева А.М., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Арайлы Ақтөбе туған өлкем 2015 жылы наурыздың 26 күні сағат 10.00-де қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 70-жылдығы және Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдығына орай 6-10 класс аралығындағы оқушыларға арналған «Арайлы Ақтөбе туған өлкем!» дәстүрлі түрде ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың туристік-өлкетану белсенділіктерін арттыру, еліміздің жас ұрпақтарын азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру және ғылыми-зерттеужұмыстары арқылы ізденімпаздыққа баулу болып табылады. Конференцияға қаламыздың 17 мектебінен 30 оқушы және Қалалық жас туристер стансасынан 5 оқушы қатысты.

Қатысушылар мына бағыттар бойынша ғылыми жұмыстарын ұсынды:

  1. Тарих және өлкетану: 1) «Қазақ хандығының 550 – жылдығы» 2) «Ақтөбе – Ұлы Отан соғысы жылдарында»
  2. «Ақтөбе халқының мәдениеті және тұрмысы»
  3. «География, туризм және экономика»

Конференцияның қорытындысы І орын – Нағашыбаева Айгүл ҚЖТС, география, туризм және экономика бағыты; ІІ орын – Тулешева Дильназ № 35 ОМ, Бүркітқалиева Назерке № 10 ОМ, тарих және өлкетану бағыты; ІІІ орын – Шаркова Анна № 27 ОМ, Ступенькова Марина ҚЖТС, тарих және өлкетану бағыты; Қуан Айберген Жарқамыс ОМ, география, туризм және экономика бағыты бойынша марапатталды.

Сонымен қатар «Үздік зерттеуші» номинациясы – Жамбылбаев Азамат № 45 ОМ, Ақтөбе халқының мәдениеті және тұрмысы бағыты; Сарсенова Айгүл № 37 ОМ, тарих және өлкетану бағыты; «Жас өлкетанушы» номинациясы – Жұмабаев Жомарт № 25ОМ, Ақтөбе халқының мәдениеті және тұрмысы бағыты; Әбдібекова Назкен № 33 ОМ, тарих және өлкетану бағыты бойынша иеленді. Сондай – ақ қатысушылардың барлығына тезис жинағын және сертификаттар табыс етілді.

images images images

Tags: конференция Қалалық жас туристер станцасы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда