Өлкетану қызметі оқу-тәрбиелік процесін танудағы

Автор: Бекбергенова А.И., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Өлкетану қызметі оқу-тәрбиелік процесін танудағы 2015 жылдың 26 наурыз күні Қалалық жас туристер стансасының директоры Ж.Т. Жанайдаровтың басшылығымен «Өлкетану қызметі оқу-тәрбиелік процесін танудағы бірден бір құрал» тақырыбында қала мектеп педагогтеріне арналған семинар № 27 мектеп лицейінде өткізілді.

Семинар педагогтердің белсенді өзара қатынасын білім процесіндегі оқушылардың зерттеу қызметіне және оны практика жұмысына енгізуді ұйымдастыру, өнімді педагогикалық технология секілді зерттеу әдісін оқытуда педагогтердің оң көзқарасын қалыптастыру, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және теориялық білім деңгейін арттыру, педагогтердің өзара қарым-қатынасын және кәсіби білімдерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға қаламыздың 27 мектебінен 32 мұғалім қатысты. Олар: № № 26, 36, 10, 27, 53, 55, 37, 8, 40, 41, 3, 39, 29, 19, 31, 22, 5, 33, 13, 15, 42, 25, 20, 23, Новый ОМ, Пригородный ОМ, Георгиевка ОМ. Семинарға қатысуға жалпы білім беретін мектептердің өлкетану қызметіне жауапты мамандары, тарих және география пәнінің мұғалімдері, жоғары білім беретін мекемелерден ғылыми қызметкерлер шақырылды.

Семинардың теориялық бөлімінде Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Абенов Д.Қ. «Педагогтердің оқушылармен өнімді педагогикалық технология секілді зерттеу әдісі жұмысына деген көзқарасын қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы Серғалиева Р.А. туристік-өлкетану жұмысы туралы мағлұмат берді. Қосымша білім беру педагогы Шангриева Н.А. № 27 орта мектебі жанындағы Әлия мен Мәншүкке арналған «Қос шынар» музейіне экскурсия жүргізді.

Семинардың практикалық бөлімінде Қалалық жас туристер стансасының директор орынбасары Ногаева Б.К. және әдіскер Бекбергенова А.И. «Ойын - өлкетану сабағындағы белсенді жұмыс түрі» тақырыбында тренинг өткізді. Әдіскер Кубашева А.М. мен қосымша білім беру педагогы Мамбетниязова Ж.Қ. «Өлке тарихы» атты зияткерлік лабиринт ұйымдастырды. Қосымша білім беру педагогтері Кенжатова А.Б, Тоқсанбаева Ә.М. «Ару қала - Ақтөбе» тақырыбында сырттай шолу экскурсиясын жүргізді. Баяндама, тренинг, зияткерлік лабиринт, экскурсия барысында педагогтер ғылыми жобаны рәсімдеу және басқа да көптеген мәліметтермен танысып, үлкен әсер алды. Семинар соңында дөңгелек үстелде бас қосып, өлкетану жұмыстарын жүргізу және мектептермен байланысты танымал тұлғаларға арналған музей бөлмелерін, тақырыптық бұрыш ашу бойынша кеңестер алды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

images images images

Tags: семинар Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы Жанайдаров Ж.Т.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда