Биология пәні бойынша оқушылардың танымдылық

Автор: Айбасова Д., № 51 гимназия. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Биология пәні бойынша оқушылардың танымдылық Мақсаты – биология пәні бойынша зертханалық жұмысты орындау барысында, жаңа білімді игеруге және білімді қалыптастыруда оқушы белсенділігін қамтамасыз ететін танымдық әрекетін дамытуға бағыт-бағдар беру. «Биология пәні бойынша оқушылардың танымдылық, біліктілік, икемділік қасиеттерін қалыптастыруда шығармашылық зертхананың ролі» тақырыбындағы шығармашылық идеялар жұмысына арналған семинар практикумды ҚҒӘО әдіскері А.С. Садықова мен № 51 гимназия директордың ғылыми-әдістемелік ісі бойынша орынбасары С. К. Бакиеваның құттықтау сөздерімен басталып, «Биология пәні бойынша оқушылардың танымдылық, біліктілік, икемділік қасиеттерін қалыптастыруда шығармашылық зертхананың ролі» тақырыбындағы шығармашылық идеялар жұмысының ұйымдастыру бөлімімен жалғасты.

«Шеңбер бойындағы сұхбат» атты тренингті Д.Е. Айбасова зертханалық сабақтардың жүргізілу ережесі бойынша өткізді. «Оқу бағдарламасындағы зертханалық–практикалық жұмыстардың негізінде оқушылар-дың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру» тақырыбында ҚҒӘО әдіскері А. С. Садықова баяндама оқыды.

Тәжірибелік бөлім «Ғылыми жобадағы зертханалық жұмыстардың рөлі» тақырыбы аясында Д.Е. Айбасова «Фитонцидтік өсімдіктер», А.У.Шагирова «Өсімдік тозаңдарының аллергиясы», А. Ж. Аманқосова «Биоиндикаторлар маңызы» тақырыптары бойынша жобаларды орындаудағы зертханалық жұмыстар түрлері туралы айтты. Шеберхана мұғалімдері үш топқа бөлінді. Әрбір топқа негізгі тақырыпқа байланысты тақырыпшалар яғни 1-топ. «Оқушы зерттеушілігі», 2-топ. «Зертхана – сабақ айнасы», 3-топ. «Зертханалық жұмыстың жаратылыстану салауаттылығын арттырудағы рөлі» беріліп, олар өздерінің топ мүшелерімен ақылдасып, сол жерде интернет желілер пайдалана отырып, ассоциация жасап, топ мүшелері өздерінің жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында зертханалық жұмыстарды орындауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды жиі беру керектігі, зертханалық жұмыстарда берілетін тапсырмалар негізінде болашақта пәндік олимпиадаға баратын оқушылар таңдалатындығы, жоғарғы класс оқушылары тақырыптарды ашып қана қоймай, оларға байланысты ғылыми жобалар қорғауға бағыттауымызға болатындығы анықталды.

images images images

Соңында бүгінгі тақырыптың проблемасы, себептері, дәлелдемелері ашылып, қорытындысы шығарылды. Жұмыстың рефлексиясы жасалып, мұғалімдер өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Қорытынды сөз ҚҒӘО әдіскері А.С.Садықоваға берілді:

— Бүгінгі педагогикалық шеберхана өз мақсатына жетті. Шеберхана отырысында ғылыми жобаларды орындауда орындалатын зертханалық жұмыстардың маңызы туралы мәліметтер берілді. Әртүрлі тренингтер, ұжымдық жұмыстар, сергіту сәттері шебер ұйымдастырылды. Әріптесіміз Д. Айбасова бүгінгі отырысты жаңа форматта ұйымдастырып, жақсы деңгейде өтті.

Tags: семинар № 51 гимназия Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда