Өнерлі өрендердің жеңісі

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Өнерлі өрендердің жеңісі «Ақ көгершін» балалар қоры көктемгі демалыс күндері наурыздың 25-28 аралығында Астана қаласында ІХ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-конкурсын ұйымдастырды.

Конкурс Астана қаласының әкімшілігі, Білім басқармасы, қалалық Оқушылар сарайының және Қазақ ұлттық өнер Университетінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып өткізілді. Конкурсқа ең үздік ұжымдар, ансамбльдер, әншілер шақырылып, Республикалық Жастар сарайында өтті.

Осындай кең көлемде дайындалған фестиваль-конкурсқа Ресей Федерациясының Челябинск қаласынан, Қырғыз Республикасының Бишкек қаласынан және Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавловск, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Жаңаөзен, Орал қалаларынан өнерпаздар қатысты. Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының үлгілі «Айгөлек» хореографиялық ұжымының жас бишілері де өз бақтарын сынап барған болатын.

Кіші топ бойынша барлығы 23 ұжым өз өнерлерін ортаға салды. Үлгілі «Айгөлек» хореографиялық ұжымының педагогтары Файзрахманова Альфия Кемаловна, Иштаева Ардақ Азбергеновна, концертмейстер Газизова Нурия Минахметовна, аккомпаниатор Богданцев Владимир Ивановичтің талмай еңбек етулерінің нәтижесінде кіші топтың бишілері қазақтың ұлттық биі «Желдірме» және «Қытай» биін орындап, ІІІ дәрежелі дипломанттар атанды. Ал орта топ бойынша барлығы 30 ұжым қатысты, бұл жерде де біздің бишілеріміз бар өнерін салып қазақтың «Қуанамын», «Шабыт» билерін асқан шеберлікпен орындап шығып, ІІІ дәрежелі лауреат атағын иемденіп келді. Жетекшісі – Иштаева А.А. Барлық жеңімпаздарға медаль, грамота және календарь табыс етілді.

Астананың «Бәйтерегіне», «Океанариум», «Думан», «Хан Шатыр» ойын-сауық орталықтарына мәдени және экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.

Tags: Ауесханова Г.А. Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда