Ұлы Жеңіске – 70 жыл

Автор: Россовхоз орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Ұлы Жеңіске – 70 жыл Россовхоз орта мектебінде осы елді мекенде тұратын Ұлы Отан соғысында еңбек майданына қатысқан еңбек ардагерлері әлеуметтік қолдау шаралары жыл бойы ұйымдастырылып отырды. «Қамқорлық», «Ветеранға сыйлық» атты қамқорлық акцияларына класс жетекшілермен оқушылар жыл белсене ат салысты.

Қаңтар, ақпан айларында «Ерлік сағаттары» атты класс сағаттары «Отты жылдар шежіресі» тақырыбында кітапша жасалды. Ақпан айында мектеп кітапханашысы Карибаева А.С. «Батырлар ел есінде» тақырыбында жас ақындар мүшайрасын өткізді. Аға тәлімгер Агисова А.Т. мен музыка пәнінің мұғалімі Бекмағамбетов М.С. «Екі жұлдыз» атты патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды.

Наурыз айында мектеп кітапханашысы мен қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ғасыр қасыретін арқалаған арыстар» атты әдеби тақырыптық кеш өткізілді. Сәуір айында класс жетекшілер мен аға тәлімгер Агисова А.Т. «Ұлы бабалар тағлымы» тақырыбында соғыс, тыл ардагерлерімен кездесіп сұхбаттасып көмек көрсетті. Сонымен қатар ардагерлерге төсбелгімен куәліктер тапсырылды. Сәуір айында мектеп кітапханшысы мен қазақ тілі пән мұғалімдері Ұлы Отан соғыс жылдарына арналған «Майданда туған жырлар» атты сайыс өткізді.

ТІЖО, аға тәлімгер, класс жетекшілердің ұйымдасытыруымен «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» салтанатты жиын өткізіледі. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сарсенбаева М.Ж. ұйымдастыруымен «Мәңгілік бақыт орнасын, болмасын соғыс болмасын» атты қабырға газеттерін шығару жоспарлануда. Сонымен қатар Ажибаева Г.У. мен Мухамбетова Г.Е. ұйымдастырумен 6-9 класс оқушыларына «Ешкімде ұмытылмайды» тақырыбында видео материалдар көрсетіледі. 7-10 класс оқушыларына мектеп кітапханашысы Карибаева А.С., «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» оқырмандар конференциясы өткізіледі. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Ұлы Жеңіс үшін алғысымыз шексіз» тақырыбында спорттық сайыс ұйымдастырады. Ұлы Жеңістің 70-жылдығына байланысты өткізілетін іс-шараларды қорытындылай келе «Ұлы Жеңіс жасасын» атты мерекелік концерт ұйымдасытырылады.

images images images

Tags: Россовхоз орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда