1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске - 70 жыл

Автор: Джамбулова А.С., № 52 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске - 70 жыл Сізге, Ақтөбе қаласының әкімдігінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық пен оны мерекелеуді өткізу іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» жоспарына сәйкес, ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарлары жасалып, бекітілгенін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 992 «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен марапаттау туралы» Жарлығына сәйкес № 52 негізгі мектеп білім беру мекемесі Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлерді марапаттау игі жұмыстарына да өз үлестерін қосты.Мектебімізге тылда қызмет еткен 38 соғыс ардагерлері бекітілген болатын. Мерекелік медальдерді салтанатты тапсыру мектебімізде 17.04.2015 жылы күні өзкізілді.Салтанатты мерекеде ардагерлерге мерекелік концерт қойылды.

Мектебімізде оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ерлікке тағзым!» тақырыбында үлкен кеш ұйымдастырылды.

Кешке әр мектептен мұғалімдер қатыстырылды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Зайрымбетова Нұргүл және Амирхан Назерке жүргізуші болды. Кеш өз деңгейінде өтті.

Бастауыш класс бірлестігі «Жеңіс шежіресі сөнбейді» тақырыбында мектепішілік танымдық апталық өткізді. «Атың сенің белгісіз, даңқың сенің мәңгілік» мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Шығыстың қос шынары» тақырыбында үш тілде әдеби кеш өткізілді. «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» тақырыбында шығарма байқауын ұйымдастырды. Іорынды Едилова Ақдана, ІІ орынды Абдрешева Ақбота, ІІІорынды Маратова Фатима иемденді.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70жылдығына арнап 3-9кластар арасында дойбы, 8-9 кластар арасында теннис, 4-9кластар арасында шахматтан, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырды.

Жеңіс күніне орай 6 «Ә» класында «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы » тақырыбында ашық класс сағаты өтті. Класс сағатында оқушылар Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы терең мағлұмат алды.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске - 70 жыл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске - 70 жыл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске - 70 жыл

Tags: № 52 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда