Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру заман талабы

Автор: Тажиева Ш.С., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 2015 жылдың 15 сәуірінде «№ 45 орта мектеп» ММ-де бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері» атты семинар өтті.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа алып, оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатындай білім беру мен тәрбиелеу керектілігі семинардың басты мақсаты етіп алынды.

Семинарға Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың әдіскері Шалабаева Жұлдыз Бердібекқызы және қала мектептері мұғалімдері қатысты. Семинарда мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы сөз алып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қазіргі заман талабы екендігін атап өтті. Тажиева Шынар Серікқызы бастауыш кластарда функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында математика пәні бойынша берілетін тапсырмалар тізбегін айтса, Махамбет Шамшырақ Томатқызы дүние тану пәні бойынша функционалдылық сауаттылықтың тиімділігін айтып, түсіндіріп өтті.

Семинардың негізгі бөлімінде ұстаздарымыз: Байдрахманова Нұржамал Сайлауқызы 1 «А» класта сауат ашу пәнінен және Сағиева Гүлмира Исенбайқызы 4 «Ә» класта әдебиеттік оқу пәні бойынша ашық сабақтар көрсетті. Мұғалімдер сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында деңгейлік бағдарламаның 7 модулін тиімді пайдаланып өткізді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Осы жұмыс барысында Махамбет Шамшырақ Томатқызымен біріге отырып «Жүзден жүйрік» тақырыбында бастауыш класс балалары арасында шара көрсетілді. Шара барысында функционалдық сауаттылықты дамыту бағытындағы көріністер өз мәнінде өтті. Балалар өрт шыға қалса, жедел жәрдем көмегі қажет болғанда қайда хабарласу керектігін біліп, сахнаның қойылымда актерлік шеберліктерін көрсетті.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың басты механизмі – ата-ана мен белсенді байланысу. Осы бағытта ата-аналармен коучинг өткізілді . Коучингте ата-аналар бала тәрбиесі жөнінде фильм көріп, фильм желісінде өз ойларын ортаға салды. Балаға ең алғаш мейірім, уақыт, көңіл бөлу керектігін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар ән-шашумен жалғасты. Қонақтарымыз ансамбльдың орындауындағы тамаша күйлерді ықыласпен тыңдап, ер балалардан құралған хордың өнеріне тәнті болып, жетекшісі Джалмагамбетова Дәмегүл Тайшыққызына ризашылықтарын білдірді. Семинарды мектеп психологі Үміт Болатқызы «Менің ішкі әлемім» атты тренингпен аяқтады.

Семинар соңында қатысушылар сөз алып, өз ойларымен бөлісіп, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Tags: Шалабаева Ж.Б. семинар Тажимишев А.А. № 45 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда