Бәсекеге қабілетті қоғам құру

Автор: Оспанқызы Н., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Бәсекеге қабілетті қоғам құру 2015 жылдың 15 сәуірінде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен № 45 орта мектептің бірлесуімен "Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинарға жауапты гуманитарлық пәндер бірлестігінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері болатын. Семинарға қала мектептерінен келген әріптестеріміз жоспарланған ашық сабақтар, кластан тыс шаралар мен коучингтерге куә болды. Семинарды мектеп директоры А.А. Тажимишев пен ҚҒӘО әдіскері Қ.И. Куразова ашып, семинарға сәттілік тіледі.

Семинарға қатысушыларға "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері" тақырыбында теория беріліп, қонақтар да өз ұғым, түсініктерімен ой бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ә. Ермаханова 7 "Ә" класында Қ. Мырзалиевтың "Кәрі қыран" тақырыбында, мен, Н. Оспанқызы 5 "А" класында "Фонетикадан өткенді қайталау" тақырыбында ашық сабақ өткіздік. 8,9,10-кластардың қатыстыра отырып, "Білімді мыңды жығар" атты интеллектуалды ойын ұйымдастырдық. Бұл шарада қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлттық Ассамблеяның 20 жылдығы секілді маңызды тақырыптар қамтылып, қатысушы оқушылар өз білімдерін, алғырлықтарын танытты, нәтижесінде 10-класс оқушысы Жолжанов Нұрбақыт жеңімпаз атанды.

Семинарымыз "Функционалдық сауаттылықтарды арттырудағы ата-ананың рөлі" атты ата-аналармен жұмыс түрімен жалғасты. Ата-аналар да өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, семинардың жандана түсуіне ықпал етті. Семинар соңы мектеп оқушыларының мерекелік ән шашуымен ұласып, әуелеген әсем ән, күмбірлеген күй орындалды. Мектеп психологі Ү.Болатқызының мағыналы тренингтері семинар қонақтары мен біздерді ынталандырып, көңіл күйімізді көтерді. Сабақ берген мұғалімдер өз сабақтары жөнінде өзіндік талдау жасап, семинарға қатысушы қонақтардың пікір, тілектерімен қорытындыланып, семинар өз мәресіне жетті.

Семинарға қатысушы әріптестердің пікірлерін тыңдай отырып, функционалдық сауаттылық жөнінде оны практикада қалай қолдануға болатындығы туралы ой түйіп кетті деген ойдамыз.

images images images

Tags: семинар Тажимишев А.А. № 45 орта мектеп қазақ тілі Куразова Қ.И.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда