Табиғат пен экология – егіз ұғым

Автор: Калдыбаева М.С., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

images Жас ұрпақтың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық білім беру, оны ғылыми түрде талдап шешу – әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Осы орайда Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен № 45 орта мектеп біріге отырып қалалық семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарға Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Нургалиева Жаңылсын Достангалиевна, қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бакитжанова Гулдарига Шараповна және жалпы білім беретін мектептердегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар аясында мектебіміздің 1-қабатында көрме ұйымдастырылып, көрмеге мектеп оқушылары ат салысып, өздері дайындаған қажетсіз заттардан ғажайып бұйымдарын ұсынды. Семинарды мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы ашты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кубатаева Құрманай Базарбайқызы семинар жоспарымен таныстырды.

Класс жетекшілер Н.С. Байдрахманова мен Қ.Т. Суликанова мұғалімдермен экологиялық тәрбие бағыты туралы пікір алмасу мақсатында «Экологиялық білім мен тәрбие берудің өзектілігі неде?» атты КОУЧИНГ өткізді. Коучинг барысында сұрақ-жауап арқылы мозаика құрастыру, яғни сұрақтардың жауабы нақты ұяшықты тапқанда, келесі бетінде бейне сурет пайда болады (гүл, жануар, су, ағаш). «Егер табиғатқа тіл бітсе...» контаминация тапсырмасында «суреттерге жан бітсе, қазіргі таңда адамзат тарапынан төнетін қауіп-қатерді қалай бейнелер еді?» (гүл, жануар, су, ағаш кейпіне еніп сахналау) жұмыстарын жүргізді. Осы бейне суреттер арқылы мұғалімдер екі топқа бөлініп, «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты 2 класс мұғалімі Ш.Т. Махамбеттің және «Табиғатты адамзат аялаған» атты 8 класс мұғалімі Э.К.Башанова ұйымдастырған класс сағатарына қатысты. Мұғалімдер класс сағаттарының жоғары деңгейде өткенін атап айтты.

images images images

Семинар барысында И.С. Кулданова мен Ш.Т. Нурмаганбетова келген қонақтармен «Қажетсіз заттардан ғажайып бұйымдар жасау» шығармашылық жұмысын ұйымдастырып, «Шебер класс» өткізді. «Менің денсаулығым-менің болашағым, менің экологиям» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, жұмыс барысында мұғалімнің де, оқушының да шеберлігі жоғары деңгейде көрінді. Семинар соңында келген қонақтардың бүгінгі семинардан алған әсерімен бөлісу мақсатында кері байланыс ұйымдастырылды.

Кері байланыс кезінде Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Нургалиева Жаңылсын Достангалиевна , қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бакитжанова Гулдарига Шараповна семинардың жоғары деңгейде өткендігін және мұғалімдердің бұл семинардан алары көп екендігіне тоқтала отырып, алғыстарын білдірді. Семинар соңында «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» атты іс-шара ұйымдастырылып, келген қонақтар мектеп ауласына көшеттер отырғызды.

Tags: семинар Нургалиева Ж.Д. Тажимишев А.А. № 45 орта мектеп Бакитжанова Г.Ш.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда