Талантты бала талпынған құстай

Автор: Сағиева Г.И., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

images Ақтөбе қаласындағы № 45 орта мектеп қаламыздағы болашаққа қарай қарыштай қадам басып келе жатқан жас мектептердің бірі. Оған мектебімізде өтіп жатқан түрлі апталықтар, семинарлар, сайыстар және қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға ат салысып, топ жарып шығулары дәлел бола алады.

Мектепте әдістемелік бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар өздерінің жоспарлаған апталықтарын өте қызықты етіп өткізуде. Соның бірі бастауыш әдістемелік бірлестігінде болған «Талантты бала талпынған құстай» атты апталық. Апталық барысында «Өнерлі өрге жүзер» атты 2-кластар аралығында танымдық сайыс, 3-кластар аралығында «Кім зерек?» атты білімділер байқауы, ал 1-кластар қиял-ғажайыпқа толы ертегі әлеміне саяхаттап «Ертегі әлемінде» атты ертеңгілік өткізді. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 4-класс оқушылары ғылыми жобалар қорғады. Ата-аналармен біріге отырып «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» толуына орай «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты тәрбиелік шара өткізді. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші шәкірттердің талантын тап басып тани біліп, талаптарын ұштай білген бастауыш класс мұғалімдеріне ата-аналар да дән риза. Әрдайым талантты шәкірттеріміз ұстаздар мен ата-аналардың үміттерін ақтап, биіктерден көріне бергей!

Tags: семинар № 45 орта мектеп бастауыш класс

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда