Ұрпақпен өмір жолы жалғасады

Автор: № 10 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

29 қазан күні Ақтөбе қаласы № 10 орта мектебінің базасында Ақтөбе қаласының білім бөлімі, Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығы және қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Ұрпақпен өмір жолы жалғасады...» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға барлық еңбек жолын бала тәрбиесіне арнаған ардагер басшылар мен биылғы оқу жылы бағдарламамен келген жас мамандар шақырылды. Қаламыздағы білім мекемелерін бірнеше жыл бойы абыроймен басқарып, зейнеткерлікке шыққан білікті басшылар бүгінгі күнде жас директорларға тәлімгерлік етіп келеді.

Ұрпақпен өмір жолы жалғасады Ұрпақпен өмір жолы жалғасады Ұрпақпен өмір жолы жалғасады

Мерекелік шараны Қалалық білім бөлімінің басшысы Л. Уразбаева ашып, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, ардагерлерімізге барлық еңбек жолын бала тәрбиесіне арнаған қажырлы еңбектері үшін үлкен алғысын айта келе, жас мамандарға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, кәсіби шеберлік тіледі.

«Голубой огонек» стилинде өткен концертте халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, оқушылар мен мұғалімдерден құрылған өнерпаздар ұстаздарға арнап өз өнерлерін паш етті. Биылғы оқу жылында қала мектептеріне 44 жас маман қызметке қабылданса, 8 жас маман жолдамамен жұмысқа келді.Мерекелік концертте осы жас мамандар Сократ антын беріп, салтанатты түрде ұстаздық қызметіне қабылданды.

Мереке соңында қонақтарға қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан Уралбаева Лидия Шайғазықызы ескерткіш сыйлықтарын ұсынды. Салтанатты шараға келген қонақтар шын пейілдерімен риза болып ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Tags: № 10 орта мектеп Уразбаева Л.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда