Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

1 қазан 2015 жылы Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының педагогикалық және балалар ұжымы Облыстық қарттар және мүгедектер үйінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концерт барысында үлгілі «Айгөлек» хореографиялық ұжымының бишілері «Қуанамын», ырғаққа толы «Үнді», сезімге толы «Испан» биін мың бұрала биледі.

Қарттарын қадірлеген ел ардақты Қарттарын қадірлеген ел ардақты Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Вокал үйірмесінің білім алушылары Бектұрған Анель «Мереке», Әзімбек Жанерке «Жаяу», Ернұр Қайдауылов «Алға, Қазақстан!» әндерін әуелете шырқап, көрермендерді тәнті етті. Қуанған қарттар орындарынан тұрып билей жөнелді. «Актерлық шеберлік» үйірмесінің білім алушысы Куслеева Арина қарттарға арнап жүрекжарды өлеңін оқыды», оны тыңдаған қарттар зор қошемет білдіріп, алғыстарын жаудырды. Орталықтың педагогы Талғат Бажабаев Дәулеткерейдің «Түрікмен» күйін көрермендерге ұсынды, қарттардың қошеметтегені соншалық, шабыттанған Т. Бажабаев Құрманғазының «Адай» күйін орындап берді. Концерт соңында Трио «Ризамын» әнін орындап, қарттардың рухын бір көтеріп тастады. Риза болған қарттар және мүгедектер үйінің әкімшілігі МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» директоры А.З. Нигматуллинаның атына алғыс хат жариялады.

Tags: Ауесханова Г.А. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда