Әр отбасы – бір әлем

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

29 қыркүйек 2015 жылы Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында «Әр отбасы – бір әлем» атты ойын-сауықтық-концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама Орталықтың «Актерлік шеберлік» үйірмесінің (жетекшісі Ешниязова Ұ.А.) және хореография студиясының білім алушылары белсене ат салысты.

Әр отбасы - бір әлем Әр отбасы - бір әлем Әр отбасы - бір әлем

Бағдарлама мақсаты: білім алушыларға отбасы құндылықтары туралы мағлұмат беру, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етіп, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы қарызын өтеуге, отбасы мақтанышы болуға тәрбиелеу. Бағдарлама барысында «Әр отбасы-бір әлем» слайды көрсетілді, қатысушыларға отбасы туралы мақалдардың басы беріліп, олар жалғасын тапты, әр бөлімнен соң вокал үйірмесінің білім алушылары Бектұрған Анель, Әзімбек Жанерке, Мәлікова Айдана әуелете ән шырқаса, хореография студиясының білім алушысы Шолох Кристина «Үнді» биін мың бұрала билеп, домбыра студиясының ең кішкентай білім алушысы Поленин Семен халық күйі «Тепеңкөкті» домбыра аспабында күмбірлете ойнап берді. Бағдарлама ойын-сауықтық болғандықтан түрлі формалар мен әдістер қолданылды: шашыраңқы сөздер таратылып, одан мақал жинақталды, интеллектуалдық сұрақтар да қойылды, отбасы туралы аңыз әңгіме айтылды. «Отбасылық құндылыққа не жатады?» деген сұрақтарға толық, дәл, нақты жауап алынды. Бағдарлама соңында Урсина Бисингалиева әдемі де әуезді «Испан» биін билеп, қатысушыларды бір тәнті етті.

Tags: Ауесханова Г.А. Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда