«Ұстаз мәртебесі» мерекелік концерті өтті

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

«Ұстаз мәртебесі» мерекелік концерті өтті 30 қыркүйек күні Ақтөбе қалалық білім бөлімінің дәстүрлі ұстаздар күні мерекесіне арналған айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қалалық оқушылар Сарайының концерттік залында қосымша білім беретін мекемелердің ұйымдастыруымен «Ұстаз мәртебесі» атты мерекелік концерт өтті.

Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні биыл да ерекше аталып өтілуде. Бүгінгі күнгі мерекелік құттықтау концертінде қаламыздың қосымша білім беретін мекемелердің оқушылары мен ұстаздары өнер көрсетті. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – ұстаз.

«Ұстаз мәртебесі» деп аталған мерекелік шараны Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің бишілері ашса, бағдарламаны Қалалық оқушылар Сарайы, № 1, № 2, № 3 балалар музыка мектебі, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының өнерпаздары жалғады. Сонымен қатар мереке барысында қаламызға белгілі мәдениет, өнер қайраткерлері, әртүрлі маман иелері қадірлі ұстаздар қауымын алдын-ала дайындалған бейнебаян арқылы құттықтау жолдады.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Ляззат Аманжолқызы Уразбаева құттықтау сөзінде «Әрбір елдің келешегі ұстазына байланысты» деп атап өтіп, жетістікке қол жеткізген мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтерін алғыс хатпен марапаттады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикамыздың дамуы мен өрлеуінде ұстаздардың алатын еңбегі Зор. Ұстаз – ұлағатты есім. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет жыл сайын арта бермек!

images images images

Tags: Нургалиева Ж.Д. Ұстаздар күні Уразбаева Л.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда