Жобалық зерттеушілік жұмыс

Автор: Аймагамбетова Ш.Ж., Новый орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Жобалық зерттеушілік жұмыс Мақсаты: тәжірибелік міндеттерді шешу үшін негізгі және жобалық басқару дағдыларын қалыптастыра отырып, мұғалімдердің жеке тұлғалық біліктіліктерін дамыту» педагогикалық шеберхана тұсаукесері ҚҒӘО әдіскері А. Садықова мен Новый орта мектебінің директоры А.М. Кисикованың құттықтау сөздерімен басталып, «Жобалық зерттеушілік жұмыс – мұғалімнің шеберлігін шыңдау жолы» атты шығармашылық зертхана тұсаукесерінің ұйымдастыру бөлімімен жалғасты.

«Ұстаз-ұлағатты ұлы тұлға» атты тақырыпта Новый орта мектебінің директоры А.М. Кисикова мектеп тарихына тоқталып, бүгінгі таңдағы мектептің жеткен жетістіктері айтылды. Сол жетістіктерге жетуде өз үлесін қосып жүрген география пәнінің мұғалімі Аймагамбетова Шынар Жолдыбаевнаның шығармашылық портретімен таныстырды. Оқушыға білім мен тәрбие берудегі жетістіктерімен қоса, мұғалімнің өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауда жеткен жетістіктерін атап өтті. Мұғалімнің соңғы үш жылдағы шығармашылық жұмыстары арнайы дайындалған слайд-шоу түрінде көрсетілді. Мектеп директоры педогогикалық шеберханаға сәттілік тіледі.

Шығармашылық шеберхана жетекшісі Ш.Ж. Аймагамбетова слайд арқылы шығармашылық шеберхана моделімен және шығармашылық шеберхана мүшелерімен таныстырып, болашақта атқарылатын міндеттермен бөлісіп, әрі қарай негізгі бөліммен жалғасын тапты.

Шеберхана мұғалімдері екі топқа бөлінді. Әрбір топ « Менің педогогикалық өзекті мәселемнің шешілу жолдары...» тақырыбында өздерінің топ мүшелерімен ақылдасып, сол жерде интерактивті тақтада АҚТ-ны қолдана отырып, ассоциация жасап, топ мүшелері өздерінің жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды жиі беру керектігі, жоғарғы класс оқушылары тақырыптарды ашып қана қоймай, оларға байланысты ғылыми жобалар қорғауға бағыттауымызға болатындығы айтылды.

Соңында бүгінгі тақырыптың проблемасы, себептері, дәлелдемелері ашылып, қорытындысы шығарылды. Жұмыстың рефлексиясы жасалып, мұғалімдер өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Қорытынды сөз ҚҒӘО әдіскері А.С. Садықоваға берілді:

Бүгінгі педагогикалық шеберхана өз мақсатына жетті. Әріптесіміз Ш.Ж.Аймагамбетова бүгінгі отырысты жаңа форматта ұйымдастырып, осы мәселені шешуде топ мүшелері жұмыла кірісіп, бірлескен жұмыстар атқарды. «Бірлік болмай, тірлік болмас» демекші осындай ұйымшылдықтарыңыз арта берсін демекпін.

Жобалық зерттеушілік жұмыс – мұғалімнің шеберлігін шыңдау жолы Жобалық зерттеушілік жұмыс – мұғалімнің шеберлігін шыңдау жолы Жобалық зерттеушілік жұмыс – мұғалімнің шеберлігін шыңдау жолы

Tags: Новый орта мектеп шеберхана Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда