«Табиғат айнасы» балалар шығармашылығы конкурсы

Автор: Куптлеуова Г.Д., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Табиғат айнасы 2015 жылдың 29 қазан мен 10 қараша күндері аралығында МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы білім бөлімі мен МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» жоспары негізінде қалалық сырттай «Табиғат айнасы» атты балалар шығармашылығы конкурсы өткізілді.

Мақсаты: көркемдік шығармашылық әдістермен қоршаған ортаны қорғауға және эстетикалық деңгейді көтеруге, табиғатты ұқыпты және мұқият қарауға оқушылардың назарын аудару және тәрбиелеу.

Міндеттері: оқушыларды халықтық шығармашылыққа қызығушылығын дамыту; жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды іздеу және мадақтау; мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру. Конкурс төмендігі номинациялар және үш жас ерекшеліктері бойынша жүргізілді: кескіндеме және графика; табиғат және шығармашылық; фитодизайн; қолданбалы өнер; қорлар (резервы).

Конкурсқа жалпы білім беретін мектептердің 5-11 класс оқушылары қатысты:

  • 1 – санат 5-6 класс;
  • 2 – санат 7-8 класс;
  • 3 – санат 9-11 класс.

Конкурсқа қаланың 17 мектебі қатысып, 80 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасының қызметін атқарғандар.

Қазылар алқасының төрағасы: Сажнова Н.Н. – «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» қосымша білім беру педагогі. Қазылар-алқасының мүшелері: Фаруздинова Флюра Зайнулловна – Қалалық оқушылар сарайының ұйымдастырушы педагогі, Жангасиева Самал Айсагалиевна – Қазаңғап атындағы өнер мектебінің. Бейнелеу өнері студиясының бөлім меңгерушісі: Копжасаров Бахыт Урустемович – Қалалық көркемдік лицейінің педагогі, Алмағамбетова Гулшара Кушекеновна – МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» педагогі.

«Табиғат айнасы» конкурсы «Табиғат айнасы» конкурсы «Табиғат айнасы» конкурсы

Байқауда жеңімпаздар әр номинация және жас ерекшеліктеріне байланысты 36 оқушы І, ІІ, ІІІ-орындарға ие болып, МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» дипломдарымен марапатталды. Осы І, ІІ, ІІІ-орындардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға Орталықтың атынан алғыс хаттар тағайындалды. Барлық 42 қатысушыларға белсене қатысқаны үшін МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» мадақтамаларымен марапатталды.

Қалалық сырттай «Табиғат айнасы» атты балалар шығармашылық конкурсының марапаттау салтанатына «Қазақстан - Ақтөбе», Рика ТВ бұқаралық ақпарат құралы қатысып, орыс тілінде қосымша білім беру педагогі Сажнова Наталья Николаевна, қазақ тілінде қосымша білім беру педагогі Алмағанбетова Гүлшара Қойшекенқызы сұхбат берді.

Tags: конкурс Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда